ID Collect Қазақстан коллекторлық агенттіктер ассоциациясының құрамына кіреді

23.05.2022

Источник: Banker.kz

ID Collect агенттігі Қазақстан коллекторлық агенттіктер ассоциациясы қатысушыларының құрамына кіреді. Бұл шешім Қазақстандағы коллекторлық бизнесті дамытумен байланысты қабылданды. Ассоциацияға қатысу компанияларға нарықтың проблемалары туралы ашық айтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда бірқатар агенттіктерде, оның ішінде бізде нарық туралы ақпаратты, оның ішінде жаңа заңнамалық өзгерістерге қатысты пікірді реттеуші ұйымдарға жеткізу үшін аталған ассоциацияға кіру қажеттілігі туындады. Біз ассоциацияға нарық қатысушыларымен өтетін жалпы жиналыстарда нарықтық стратегияларды анықтау мүмкіндігі болу үшін дауыс беру құқығымен кіруді жоспарлап отырмыз. Егер коллекторлық бизнеске қауіп төндірсе, ол инвесторлар үшін қызық емес» - деді ID Collect бас директоры Ануар Отарбаев.

Ол соңғы заңнамалық өзгерістер мен талаптар Қазақстандағы коллекторлық бизнеске белгілі бір қысым келтіретіндігі туралы айтты. Соның нәтижесінде енгізілетін ережелер нарықтың қатысушылары болып табылатын тұтынушылардың, реттеуші мен коллекторлардың мүдделерін қорғау үшін бизнес пен реттеуші ұйымдар арасындағы қосымша диалогтың пайда болуы маңызды.

Сонымен бірге ID Collect басшысы коллекторлық қызмет туралы заңды қабылдағаннан бері компанияларға нақты талаптар қойыла бастағандығы туралы айтты. Осылайша өзінің қызметтерін заңды емес жолдармен жүргізетін осы сегменттегі нарық жосықсыз агенттіктерден «тазаланып», тиісінше сапалы және ашық қызметтерді көрсету фактілері орын ала бастады.

«Алайда осы жылғы қайғылы оқиғалардың себебінен мемлекет қаржылық нарықты, оның ішінде коллекторларды қатты бақылауға алды. Мысалы, коллекторлық сектордағы «проблемалы» портфельдің өсуін бақылау мақсатында шектеулі сипаттағы нақты талаптарға бағытталды. Бұл ретте осы сегменттің өсуі агенттіктердің қызметіне байланысты емес, себебі мерзімі өткен қарыздар қаржылық ұйымдарда пайда болады, құқықтар ары қарай коллекторларға беріледі. Осылайша осы сұрақтағы статистика халықтың әл-ауқатын жақсартады, бізге әлеуметтік деңгейді арттыру үшін жұмыс істеу қажет екендігі анық» - деді спикер.

«Қазақстанның коллекторлар ассоциациясы» одағының төрағасы Омар Мәулен Асқарұлы ассоциация 2009 жылдан бастап қызмет ететіндігі, соңғы жылдары жаңа қатысушыларды тартумен айналыспағандығы туралы айтып берді.

«Біз мүшелерді тартумен белсенді түрде айналыспаймыз, себебі біздің қатысушыларымыз біркүндік ұйымдар емес, бизнестің осы түрінде дамуды қалайтын ұйымдардан тұрғандығын қалаймыз. Материалдық базаға елеулі қаражат құйған, адами капиталы мен персоналды оқытуды алдыға тартатын ұйымдарды қатарымызда көруге дайынбыз. Соңғы кездері ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нарықтың қатысушыларын біріктіру мақсатында коллекторлық агенттіктерге қатысты жаңа саясатты жүзеге асыруда. Бізге компаниялар өзі туралы жеке ЖШС түрінде емес, саланың атынан жұмыс істейтіндігі маңызды» - деді Омар Мәулен Асқарұлы.

Соңғы апта ішінде ассоциация түрлі қызмет түрлерімен айналысатын ID Collect, Эксперт плюс, Гарнет және т.с.с. бірнеше ірі коллекторлық компанияларды қабылдадық. Ассоциация төрағасы ірі агенттіктерді біріктіру нарықты дамытуға оң әсер тигізеді деп санайды.

«Осыған дейін өздігімен жұмыс істейтін компаниялар заңның талаптарын сақтап, ойын ережелерін қабылдауға мәжбүрлі. Олар енді өздерін ұйым ретінде таныстырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өз шешімдерін ұсынып, ортақ шешімге келуге болады» - деп санайтындығы туралы пікірді ассоциация төрағасы білдірді.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю