Түркістан қаласында қазақ тілінде қаржылық сауаттылық бойынша екі күндік жоба аяқталды

15.04.2021

Источник: Banker.kz

Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және Moneyman МҚҰ) № 1 Қаржылық сауаттылық мектебімен және Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдар ассоциациясымен бірлесе отырып, Түркістан қаласында қазақ тілінде кәсіпкерлерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша екі күндік тегін семинар өткізді.

 12-13 сәуірде Түркістан қ. кәсіпкерлерімен жеке қаржыны басқару, отбасылық бюджетті жүргізу, бизнестегі шығындар мен табыстар түсінігі секілді сұрақтар талқыланды. Сонымен бірге кредиттеу тақырыбына қатысты белсенді талқылау өтті.

«Семинардың екі күні өте жақсы өтті. Көптеген қызықты сұрақтар болды, олардың көбісі отбасылық бюджетті басқаруға қатысты болды. Бұған қоса бизнесті ашу мен дамыту үшін кредит алу бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Қатысушылар арасында қаржылық модельді дұрыс құрастыру, бизнесті басқару тақырыбы қызу талқыланды. Қаражат «қайда» кетеді, көбірек ақша табу жолдары секілді тұрмыстық сұрақтардың аспектілері қарастырылды» - деді лекциялардың нәтижелері бойынша № 1 Қаржылық сауаттылық мектебінің директоры Акжунис Брасилова.

Қатысушылар кредиттер мен микрокредиттерді қайта қаржыландыру, кредиттік тарих, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеу бойынша бірнеше сұрақтарды талқылағанда белсенділік танытты және осылайша қазақ тіліндегі аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша лекцияларды өткізу қажеттілігі расталды.

«Біз семинарды қазақ тілінде жергілікті менталитетті ескере отырып өткіздік, осылайша жиналған қауымның саны айтарлықтай көп болды. Сонымен бірге орыс тілінде де семинарлар өткізілді, онлайн вебинарлар нысанындағы іс-шарада қарастырылған» - деді Акжунис Брасилова.

Лекциялар барысында сауалнамалар өткізілді. Олардың нәтижелері бойынша 70% қатысушылар өздерінің шығындары мен табыстарын бақыламайды екен. Бұл ретте 30% респонденттер өздерінің ай сайынғы шығыны мен табысының нақты сомасын білмейтіндігі анықталды.

Респонденттердің көпшілігі қаржылық қиындықтарға тап болатындығын, 40% сауалнама қатысушылары қаражаттың айдың аяғына дейін жетпейтіндігін, 30% респонденттер жеке үйде тұруға мүмкіндіктерінің болмауынан ата-анасымен тұратындығын, шамамен 15% қатысушылар жинақтарының жоқ екендігін, 10% респондент жұмыс таба алмайтындығын және 5% қосымша табысқа мұқтаж екендігін мойындады.

Бұл ретте қаржылық қиыншылықтар түркістандықтарға кредиттік белсенділік танытуға кедергі келтірмейді екен. Сауалнаманың 62% қатысушыларда ағымдағы кредиттері немесе микрокредиттері бар. Олардың 20% қатысушыларында өтеу кестесі бойынша кредиттің ай сайынғы төлемін өтеумен байланысты қаржылық қиыншылықтары, 10% қатысушыларда кредит бойынша мерзімі өткен төлемдері, 8% лекция қатысушыларында бірнеше кредиттері бар екендігі анықталды. Бұл ретте 70% қатысушылар кредиттері төрт реттен аса кредит ресімдеген.

Бұған дейін Түркістан облысы ең жас облысы болғандығына қарамастан, республика бойынша кредиттері ең көп облыстардың бірі екендігі туралы айтқан болатынбыз. IDF Eurasia талдаушылары Түркістан облысы Алматы, Нұр-Сұлтан және Маңғыстау қалаларынан кейін төртінші орында екендігін растайтын деректерді келтірді. Түркістандағы қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейін ескере отырып, IDF Eurasia тобы мұндай семинарларды өңірде ары қарай жалғастыруды жалғастырады.

 Сонымен қатар ағымдағы жылы әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде топ мұндай семинарларды Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю