Қыркүйек айында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша бірегей онлайн-курс өтеді

Қыркүйек айында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша бірегей онлайн-курс өтеді 06.09.2021

Источник: Banker.kz

IDF Eurasia тобы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бірлесе отырып, 18 жастан асқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға - «ITeachMe» Қоғамдық қорының қатысушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық» онлайн-курсын өткізеді.   Курстың бірінші ағыны 2021 жылғы 9 қыркүйектен 12 қазанға дейін өтеді.    

Осы курс қаржылық мақсаттарға қол жеткізу жоспарын әзірлеу бойынша алғашқы қадамдарды жасауға және тәуелсіз өмірге қажетті фундаментті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курстың ұзақ мерзімді мақсаты - мүгедектігі бар тұлғаларды жеке бизнес бастауға уәждемелеу, капитал мөлшерін арттыру және қаржылай тәуелсіз болу.

«Мүгедектілігі бар адам үшін қаржылық сауаттылық тақырыбы өте өзекті және қажетті. Шағын ай сайынғы жәрдемақыға күн көретін және өзінің кәсіби даму жолын әлі таңдамаған азаматтардың осы санаты, оның ішінде жастар өте осал, оларды алдап-арбау жеңіл» - деді өз сөзінде «ITeachMe» қорының директоры Захира Бегалиева. - Осы курсты әзірлеу барысындағы МҚҰ-ның мемлекеттік ұйыммен бірлескен жұмысы мүгедектігі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын дамыту саласындағы маңызды кезең. Курста әрбір адамға пайдалы болатын тақырыптар талданады: өзіңізді және өзіңіздің жақындарыңызды қалай қаржылық жоспарлауға үйрету, ақшаны қайда салған қауіпсіз және т.с.с.».

З. Бегалиеваның пікірінше қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мүмкіндігі шектеулі адамдарға (МША) кредиторлардың қысымынан босауға, өзінің кредиттік жауапкершілігін арттыруға, ай сайынғы табыс пен шығынға басқаша қарауға және болашаққа деген сенімділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 - 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде 2020 жылдан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда қаржылық сауаттылықты арттыру мен қаржылық инклюзияны дамыту бойынша бағытты белсенді жүзеге асырып келеді.

«Халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қол жетімділікті арттыру, қаржылық қызметтер тұтынушылары мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету - бұл Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі. Біз әрқашан МША-ға арналған қаржылық қол жетімділігімен байланысты сұрақтарды шешуге қолдау көрсетуге дайынбыз. Халықтың осы тобы қаржылық нарықтың толық қатысушысы болуын және басқа қаржылық қызметтер тұтынушыларының сапасына қатысты бірдей мүмкіндік пен құқықтарға ие болуын қалаймыз», – деді Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры  Александр Терентьев.

А.Терентьевтің сөзіне сүйенсек, 2020 жылдың желтоқсан айында Агенттік жанында МША-ға арналған қаржылық қызметтердің сапасы мен қаржылық қол жетімділікті арттыру бойынша жұмыс тобы құрылған.  Осылайша 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қаржылық қызметтерді ұсыну және оларға қызмет көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар» және «Қаржылық ұйымдар қорларының ақпараттық қол жетімділігі бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірленді. Бұл Қазақстандағы қаржылық инклюзияны арттыруға бағытталған алғашқы құжаттар.

Сонымен бірге Агенттікте мүмкіндіктері шектеулі адамдар сауалнамасының алдын ала нәтижелерімен бөлісті. Мұндай сауалнама Қазақстанда алғаш рет www.fingramota.kz оқытушы интернет-порталында ұйымдастырылды. 30% қатысушылар қаржылық білімнің жетіспеушілігі туралы айтқан.

Бизнесті әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде IDF Eurasia тобы (Solva және Moneyman брендтері) Қазақстанда қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша бастамаға белсенді түрде қолдау көрсетеді. Тұрақты негізде қаржы туралы жаттығулар білікті сарапшылар мен лекторлардың қатысуымен республика бойынша жүргізіледі.

«IDF Eurasia компаниясы үшін қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша жобаларға қолдау көрсету топты дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Біз ұзақ уақыт бойы Қазақстан бойынша түрлі санаттағы азаматтарымызға қаржы туралы негізгі білімді беруге тырыстық. Қаржылық сауаттылық бойынша мұндай онлайн-курсты ұйымдастыруға қатысу мүмдіктері шектеулі адамдарға қазақстандықтардың қаржылық білімін арттыру саласындағы маңызды кезеңге айналды. Біз оқыту іс-шараларымыз тыңдаушыларға болашаққа деген сенімділігін арттыруға, сонымен бірге білім мен машық қаржылық қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі деп сенеміз» - деді Solva МҚҰ бас директоры Анна Максимова.  

Онлайн-курстың бағдарламасы 10 сабақтан тұрады: қаржылық мақсаттарды қою, жеке (отбасылық) бюджетті жүргізу, қаржылық терминологияны зерттеу, инвестициялау. Курстың соңында әрбір қатысушы сарапшының жетекшілігімен жеке қаржылық жоспарды әзірлейді және табыс пен шығынды есепке алу бойынша практикалық тәжірибеге ие болады.

Курсқа тіркелу үшін https://forms.gle/GZjpMYA3TMU1S9Xp9 сілтемесі бойынша сауалнаманы толтыру қажет. Өтінімдер 2021 жылдың 6 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Қатысушылардың саны шектеулі: бір ағында 30 қатысушысы.

Қосымша ақпаратты сонымен бірге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің байланыс орталығынан дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін +7 (727) 237 1000 нөмірі бойынша алуға болады.
Возврат к списку новостей

Рекламодателю