«Арнұр Кредит» микроқаржы ұйымы Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында облигациялардың жаңа шығарылымын ұсынады. Орналастыру көлемі – 1,8 миллиард теңге, айналым мерзімі – 2 жыл, жылдық табыстылығы – 21%-ға дейін.
Орналастыруды ұйымдастырушы – BCC Invest, ол қағаздарды жеке және институционалдық инвесторлар үшін оңай әрі түсінікті тәртіппен сатып алуды қамтамасыз етеді.
Облигациялар KASE ресми тізіміне тиккермен, сондай-ақ BCC Invest-пен бірге енгізілді. Сауда-саттық шілде айының соңында басталады.
Тұрақты табыс алудың жаңа мүмкіндігі
Облигациялар бойынша жылдық табыстылық 21%-ға дейін жетеді, ал купон төлемдері ай сайын жүргізіледі.Сонымен қатар, облигациялар салық салудан босатылған, бұл инвесторлардың кең ауқымы үшін, одан да тартымды етеді.
«Бұл жай ғана тартымды қаржы құралы емес, – дейді компания өкілдері, – сонымен бірге Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы кәсіпкерлікті дамытуға нақты үлес қосудың жолы».
Неліктен «Арнұр Кредит» шығарылымына назар аударған жөн
1. Тұрақты эмитент
«Арнұр Кредит» МҚҰ 2001 жылдан бері жұмыс істейді және еліміздегі ең сенімді микроқаржы ұйымдарының бірі ретінде танылған. Ашық есептілік, тәжірибелі менеджмент және тұрақты клиенттік база, инвесторлардың жоғары сеніміне негіз болып отыр.
2. Әлеуметтік маңызы бар инвестиция
Компания өңірлердегі шағын және микробизнесті белсенді қаржыландырады. Бұл өз кезегінде халықтың жұмыспен қамтылуына, өмір сүру деңгейінің артуына және қаржыландырудың қолжетімді болуына үлес қосады.
3. Депозиттерден жоғары табыс
Компанияның облигациялары салымдар бойынша орташа нарықтық мөлшерлемеден жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді, бұл ретте тәуекел деңгейі тұрақты бизнес-модельдің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) тарапынан қатаң реттеудің арқасында бақыланатын болып қалады.
«Арнұр Кредит» облигацияларын қалай сатып алуға болады
Инвестор болу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Қосымша кеңестер мен қолдау брокер-ұйымдастырушылар арқылы қолжетімді. Байланыс деректері төменде көрсетілген.
Инвесторларға арналған байланыс деректері
BCC Invest – облигацияларды орналастыру бойынша ресми серіктес
Тел: 303
Email: http://www.bcc-invest.kz/; Sales@bcc-invest.kz
«Арнұр Кредит» МҚҰ ресми сайты
Компания туралы
ЖШС «Арнұр Кредит» МҚҰ – Қазақстандағы жетекші микроқаржы ұйымдарының бірі. 2001 жылдан бері шағын және микробизнеске арналған кредит өнімдерін ұсынып келеді. Негізінен елдің оңтүстік өңірлерінде жұмыс істей отырып, компания қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті қолдау ісінде маңызды рөл атқарады.
Всего сообщений: 242126 (Тем: 38159, Ответов: 203967) Участников: 32722 |
Активных пользователей: 0 Активных гостей: 209 Скрытых: 0 |