30 күн ішінде теңгемен және доллармен жасалынған «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ-ның (Solva) облигацияларының екі дебюттік шығарылымдары бойынша жиынтықты төлем сомасы 16 млн. АҚШ долларды құрады

07.10.2022

Источник: Banker.kz

2 жыл ішіндегі барлық 8 шығарылым бойынша инвесторларға төленген жиынтықты сома 25 млн. АҚШ долларына тең.

2022 жылғы 6 қазан. «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva) соңғы 30 күн ішінде облигациялардың шығарылымының екінші өтеуін жүзеге асырды. 29 қыркүйекте Компания MFOK.0922 сериялы номиналды құны 7 млн. АҚШ долларды құрайтын 2 жылдық облигацияларды өтеуді жүзеге асырды. Облигациялардың аталған шығарылымы Solva компаниясы үшін AIX (Astana International Exchange) биржасында АҚШ доллармен дебюттік жарияланым болды. Құнды қағаздар бойынша табыс тоқсан сайынғы төлемдер қарастырылған жылына 9%-ды құраған.
Solva 2020 жылдың тамыз айында бұқаралық қарыз нарығына шыққан Қазақстандағы алғашқы микроқаржылық ұйымға айналды. Соңғы екі жыл ішінде Solva компаниясы қарыздық инвесторлар арасында ең танымал эмитент статусын нығайтты. Қазір айналымда KASE және AIX биржаларында 34 млрд. теңгеден асатын номиналды құны бар облигациялардың 8 шығарылымы бар, олардың 6 шығарылымы 1 жылға дейінгі айналым мерзімі бар теңгемен және АҚШ долларымен коммерциялық облигацияларға жатады. Коммерциялық облигациялар KASE және AIX биржа мүшесі ретінде брокерлік шоты бар инвесторларға сатып алу үшін қол жетімді.

Solva компаниясы барлық тартылған қаражатты Қазақстан экономикасының нақты секторын кредиттеуге жұмсаған. Ол үшін компания микро- және шағын бизнесті қаржыландырады, тұрғын үйді немесе көлікті жинау секілді ірі істерге және білім алуға арналған тұтынушылық микрокредиттерді ұсынады. Соңғы 24 ай ішінде 70 млрд. теңгеден асатын кредиттік қаражатты 55 мың қазақстандық кәсіпкерлер алған, ал «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ-ның микрокредиттері портфелінің жалпы көлемі 76 млрд. теңгеге жеткен.

«Біз инвесторларымызға Solva компаниясына білдірген сенімдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің құнды қағаздарымыз портфельдің елеулі бөлігіне және Қазақстандағы бөлшек инвесторларлар үшін «household name» айналды. Теңгемен және АҚШ долларымен облигациялар бойынша купонды тоқсан сайын төлеу біздің облигацияларымызды ұзақ мерзімді банктік депозиттерге ұқсас құралға айналдырды. Бұл ретте пайыздық табыс мерзімді және мерзімді емес банктік салымдар бойынша табысты арттырды. Облигация иелерінің басым бөлігінің (96%) қолдауының нәтижесінде 28 қыркүйекте біз ЖШС-ның Акционерлік қоғамға түрлендіру үдерісінің басталғандығы туралы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияладық. Осылайша Solva компаниясының МҚҰ-дан Банкке трансформация жолындағы алғашқы ресми қадамын жасады. Банкке айналу жоспары 2023 жылдың жазында жүзеге асырылады деп күтілуде. Біздің облигацияларымызға ие ағымдағы инвесторларда бірегей мүмкіндік бар. Олар сәтті трансформация нәтижесінде өз портфелінде банктік лицензия артықшылықтары есебінен кредиттік тәуекелдіктің төмендетілген деңгейі бар ОнлайнКазФинанс жоғары табысты облигацияларды көре алады» - деді Solva Group Ltd. тобының бас директоры Константин Барабанов.

Облигацияларды сатып алу шарттары туралы толығырақ ақпаратты сайттың инвесторларға арналған тарауынан көруге болады: https://invest.solva.kz
Возврат к списку новостей
Рекламодателю