Алматы қ. ардагерлерін құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды

12.05.2022

Источник: Banker.kz

Бостандық ауданы әкімдігінің, «Ақ Жол» партия фракциясының, Алматы мәслихаты мен Solva компаниясының өкілдері Ұлы Жеңіс Күнінің 77-жылдығымен Ұлы Отан Соғысы адрагерлерін құттықтады.

Қазақстанда 600-ден астам Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, ал Алматы қ. өзінде жетпіс бес ардагер тұрады. ҰОС Алматы ардагерлердің қалалық одағы ҰОС мен әскери қызмет ардагерлеріне, тыл жұмыскерлеріне, фашисттік концлагерьлер тұтқындарына және блокадалық Ленинград тұрғындарына тұрақты негізде қызмет көрсетеді. Қолдау көрсетудің негізгі көздері – меценаттар мен азаматтардың ерікті қайырымдылық салымдары. Қазіргі таңдағы азаматтардың киелі борышы – өмірден өткен азаматтарды еске түсіріп құрметтеу және ҰОС қатысушыларын қорғау. Іс-шара ұйымдастырушылары мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.

ВОВ8 (2).jpg

«Осы ұлы және ұмытылмас күнін бізде атап өтуді қаладық. Біздің ардагерлеріміз бұрынғысынша мықты, алайда олардың жастарын ескеретін болсақ, ерекше күтімді талап етеді. Алапат соғысты басынан өткізген адамдар құрметке, күтім мен көңіл бөлуге лайықты. Бізге тәуелсіздікті, ашық аспан мен болашақты сыйлаған ұрпаққа назар аудару біздің адамгершілік және өнегелік міндетіміз» - деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.

ҰОС ардагері, Алексеенко Татьяна Ерофеевна соғыс басталған кезде Витебск облысында (Беларусь) тұратын жас қыз еді. Соғысқа дейін ол колхозда жұмыс істеген, атап айтқанда, шөп шабысымен және оны жинаумен айналысқан. Өмірін соғыс өзгертті. Жас Татьяна тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетуді, жараны емдеуді, жаралыларды таңуды, соғыс барысында жарақаттанған адамдарды күтуді үйренді. Өз ісіне мейлінше жауапты қараған. Әрбір жауынгердің тілін тауып, жылы сөзбен көңілін көтере алған. Оның күш-жігері, ашықтығы мен мейірімділігі жаралыларға өмір үшін күресуге сенім берді.

ВОВ6 (1).jpg

«Осы ұлы күні мен отандастарыма біздің балаларымыз, біздің өзіміз, біздің немерелеріміз бен болашақ ұрпағымыз біз көрген қиыншылықтарды көрмеуін тілеймін. Аспанымыз ашық болсын» - деп Татьяна Ерофеевна өз тілегін білдірді.

ВОВ 2 (1).jpg

Ақтөбе тұрғыны, Джубаниязов Бисенгали Айтжанович фронтқа 17 жасында ресми әскери комиссариат оның жасына қарамастан әскерге аттануға рұқсат бермегеніне қарамастан аттанды. Ол фронт желісіне аттанған поезд вагонына мініп алды. Отанды қорғау үшін ұрыста жарақаттанып, зақымданды. Соғыс аяқталған жылы ол не бәрі 20 жаста еді. Соғыстан соң Заполярьеде қалып, 1950 жылы әскерден қайтқан. Қазір оның жасы 97-де. Өзінің жасын ең үлкен байлық деп санайды. Энергия мен оптимизмге толы. Ол соғыс туралы сөз қозғағанды ұнатпайды.

ВОВ4 (1).jpg

«Мен барлық жауынгерлер секілді соғыстым. Шабуылға барлығы секілді қатыстым, барлығы атыс-шабысқа қатысқан кезде менде қатыстым. Өз қанымды төктім. Мені тіпті қатты жаралаған кезде үш күн бойынша көмек күтіп, өзен жағасында, кейін ауруханада жаттым. Сол сәтте басымда түрлі ойлар бар еді. Ең бастысы, өмір, оны бағалап, ар-намысты сақтай отырып өмір сүру қажет екендігін түсіндім. Жастарға айтатыным, ашық, ақкөңіл және адал болыңдар, жақсылық пен жарқын болашаққа қол жеткізуге тырысыңдар» - деді Бисенгали Айтжанович өз сөзінде.

ВОВ (1).jpg

«Біздің отбасымыз үшін, тіпті кез келген қазақстандық үшін бұл көптен күн еді. Соғыс ешқандай отбасыны аямады. Біздің отбасымызда соғысқа атамыз Саймасай Шарипов қатысты. Фронтта алған жарақаттарынан соғыстан ерте келіп, 64 жасында өмірден өтті. Біз оның жауынгерлік жолын білеміз және әрқашан есте сақтаймыз. Ардагерлермен, шайқас куәгерлерімен кездесу мүмкіндігі – әрқашан біздің киелі парызымыз, ал біздің арамызда жоқ ардагерлерді есте сақтау біздің міндетіміз» - деп өз пікірін Алматы қ. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева білдірді.

ВОВ5 (1).jpg

«Біздің міндетіміз – еркіндікті, ашық аспанды және әл-ауқатымызды қорғап қалған біздің қорғаушыларымыздың қаһармандығын ұмытпау. Өзінің өткен өмірін есте сақтамайтын адамдар бұрынғы қателіктерін қайтадан басынан кешіреді. Шынайы батырлардың даналық кеңестерін және аманатын алу өте құнды. Барлық ардагерлерді және қазақстандықтарды ұлы мерекемен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық және елімізге өркендеу тілейміз! Solva компаниясының қызметкерлеріне қаржылық қолдау көрсеткені үшін жеке алғысымызды білдіреміз. Біз бастамашыл жобаны іске қосып қана қоймай, ардагерлерге тиімді қолдау көрсету үшін біздің қорларымызды жинақтадық» - деді Алматы қ. мәслихатының депутаты, Микроқаржылық ұйымдар ассоциация директоры Омарханов Ербол.

ВОВ, центральное (1).jpg
Возврат к списку новостей

Рекламодателю