Қазақстан экономикасындағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40%-ына дейін өсті: Mastercard пен KPMG зерттеуі
• ШОБ 4,7 млн адамды жұмыспен қамтиды — бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың жартысынан астамы
• Қаржыландыруға қолжетімділік пен цифрландыру Қазақстандағы ШОБ дамуын айқындайды
• Компаниялардың 94%-ы басты кедергі технологияның қымбат болуы деді
2026 жыл, 29 сәуір − Mastercard пен KPMG «Қазақстандағы ШОБ: қиындықтар мен мүмкіндіктер» атты зерттеуді ұсынды. Зерттеуде ел экономикасына шағын және орта бизнестің үлесі, оның дамуына кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар және өсудің перспективті бағыттары талданған. Зерттеуді ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында таныстырды.
Шағын және орта бизнес Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Зерттеуде 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл сектор ЖІӨ-нің шамамен 40%-ын құрады делінген — бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7%-ға көбірек. Сонымен қатар, ШОБ-та елдің экономикалық белсенді халқының 50%-дан астамы, яғни 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған, ал сектордағы жұмыспен қамту басқа салалардағы қысқару аясында жыл сайын орта есеппен 6%-ға өсіп отыр.
Соңғы бес жылда ШОБ субъектілерінің саны 1,6 есеге өсті, бұл негізінен жеке кәсіпкерлер санының артуы есебінен болды. Орта бизнестің даму қарқыны баяуырақ, бұл компаниялардың шағыннан орта форматқа өтуінде қиыншылықтар бар екенін көрсетеді.
Микро және шағын бизнестегі еңбек өнімділігі орта және ірі сегменттермен салыстырғанда екі есе төмен болып қала береді. 2025 жылы шағын бизнестегі бір қызметкер 7,4 млн теңге өндірсе, орта бизсте бұл көрсеткіш 15,9 млн теңге, ал алшақтықығы ұлғайып отыр.
ШОБ дамуын тежейтін негізгі факторлардың қатарында:
• қаржыландыруға шектеулі қолжетімділік
• қарыз қаражатының жоғары құны
• салық және реттеуші ортаның тұрақсыздығы
• макроэкономикалық құбылмалылық
• кадр тапшылығы
Бизнестің экспорттық әлеуеті логистиканың жоғары құны мен өнімді сертификаттаудағы қиындықтарға байланысты шектеулі болып отыр. Зерттеу көрсеткендей, ШОБ-тың негізгі қажеттіліктерінің 80%-ға жуығы әлі де қанағаттандырылмаған.
ШОБ дамуының негізгі драйверлерінің бірі — цифрландыру. Базалық цифрлық құралдар қазірдің өзінде кеңінен қолданылады: компаниялардың шамамен 75%-ы электрондық цифрлық қолтаңба мен онлайн-банкингті пайдаланады, жартысынан көбі цифрлық маркетинг пен онлайн-бухгалтерияны қолданады, ал компаниялардың 50%-на жуығы маркетплейстермен жұмыс істейді. Цифрлық трансформацияның келесі кезеңі бизнес-процестерді автоматтандырумен, деректерді талдау және жасанды интеллектті қолданумен байланысты.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің 94%-ы цифрлық шешімдерді енгізудің қымбат екенін атап өтті, 83%-ы IT-мамандардың жетіспеушілігін көрсетеді, тағы 83%-ы қосымша шығындардан қауіптенеді. Мұндай жағдайда бизнестің цифрлық жетілу деңгейі өңірге және экономикалық даму деңгейіне байланысты айтарлықтай ерекшеленеді.
Қазақстан цифрлық инфрақұрылымның жоғары деңгейде дамуын көрсетіп отыр: бизнесті тіркеу, салық есептілігін тапсыру және мемлекеттік қызметтер сияқты негізгі әкімшілік рәсімдер онлайн форматта қолжетімді. Алайда кәсіпкерлер цифрлық сервистердің бөлшектенгенін және оларды «бір терезе қағидаты» бойынша біріктіру қажеттігін атап өтеді.
Төлем инфрақұрылымының дамуы да жоғары деңгейге жетті, алайда B2B есеп айырысу құралы ретінде бизнес-карталардың ену деңгейі әлі де төмен.
Сұранысқа ие даму бағыттары:
• аналитикалық және консалтингтік қызметтер
• цифрлық маркетинг
• оқыту және құзыреттерді дамыту
Қазіргі уақытта мұндай қызметтердің едәуір бөлігі шетелдіктерден сатып алынады.
Ендірілген банкингтің дамуы, скорингтің баламалы модельдері және платформалық экожүйелерді қамтитын жаһандық трендтер біртіндеп Қазақстан үшін де өзекті бола бастады. Осындай жағдайда төлем, қаржылық және бизнес-қызметтерді біріктіретін кешенді шешімдерді қалыптастыруда, қаржы институттары мен технологиялық компаниялардың рөлі артып келеді.
Mastercard төлемдерді қабылдау және бизнес-карталарды пайдалану арқылы бизнес шығындарын басқару шешімдерін, сондай-ақ жаһандық және жергілікті серіктестердің арнайы ұсыныстары мен жеңілдіктеріне қолжетімділікті ұсынады. Компания әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударады: серіктестермен бірлесіп кәсіпкер әйелдерді оқытуға, құзыреттерін дамытуға және гранттық қолдауға бағытталған Business-Aru бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Шағын және орта бизнес Қазақстан экономикасының маңызды элементі болып қала береді, ол жұмыспен қамтуды, кәсіпкерлікті дамытуды және экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Есеп көрсеткендей, жеделдей түскен цифрлық трансформация жағдайында, ШОБ дамуы, көбіне заманауи технологиялық шешімдерге және сұранысқа ие құзыреттерге қолжетімділікпен айқындалады», − деп атап өтті Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры, Санжар Жамалов.
«ШОБ секторы дамыған сайын оның өсуін тежейтін жүйелік шектеулер айқынырақ көріне бастайды. Бизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділік, ауқымды кеңейту қабілеті, операциялық тұрақтылық және өзгеріп отыратын нарық жағдайларына бейімделу барған сайын маңызды. Зерттеуде біз осы кедергілерді талдап, сектордың қазіргі жай-күйін, негізгі үрдістерін және өсу нүктелерін көрсетеміз», − деп атап өтті, KPMG Кавказ және Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық және операциялық консалтинг тобының серіктесі, Болат Мынбаев.
ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумы төрағасы Қанат Шарлапаев презентация барысында саланың стратегиялық маңыздылығын атап өтті: «Мемлекет басшысы атап өткендей, “елдің цифрлық дамуының қозғаушы күші кәсіпкерлер болуы тиіс”. Бүгінде ШОБ-тың үлесі ЖІӨ-нің 40%-на жуықтады. Біздің міндетіміз – кәсіпкерлерді қолдайтын, қосымша кедергілер жасамайтын бизнеспен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін құру».
Есеп авторлары және ҚР ҰКП «Атамекен» өкілдері, Қазақстандағы ШОБ-ты дамыту, мемлекет, қаржы институттары және ірі бизнес тарапынан күш-жігерді талап етеді деген қорытындыға келді. Басым бағыттар ретінде, еңбек өнімділігін арттыру, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, цифрлық құзыреттерді дамыту және кәсіпкерлікті қолдаудың интеграцияланған экожүйесін қалыптастыру қарастырылады.
Зерттеудің толық нұсқасын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сілтеме арқылы табуға болады.