Қазақстан шетелдік банктен миллиондаған ақша алды

08.01.2024
Источник: Личный счет
Қаржы министрлігінде Азия даму банкінен бөлінген ақша қандай мақсаттарға бағытталатыны айтылды, деп хабарлайды LS.

2023 жылдың желтоқсан айында Азия даму банкі Қазақстанға экономиканың тұрақтылығын арттыру үшін $350 млн мөлшерінде несие мақұлдады.

Қаржы министрлігі LS-ке несие беруге республикада қабылданған әлеуметтік-экономикалық реформалар негіз болғанын түсіндірді.

"Бюджет кодексінің 205-бабына сәйкес, үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Азия баму банкінің жоспарланып отырған несие ақшасы ел бюджетінің тапшылығын жабуға бюджеттік қолдау ретінде тартылады", - делінген редакцияның ресми сұрауына жауабында.

Министрліктің мәліметінше, бұл қаражат маңызды мәнге ие. Өйткені шығыстар кірістерден асып кеткен кезде қазынаны толық қаржыландыруға және бюджетте көзделген мемлекеттің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің директорлар кеңесі Қазақстанға $350 млн-ға республикалық қазынаның тапшылығын ақшалай қолдау үшін Азия даму банкінің несиесіне қоса қаржыландыру ретінде қарызды мақұлдаған болатын. Бұл қаражатты биыл игеру жоспарлануда.

  • CNY 68.82 0%
  • EUR 553.75 0%
  • RUB 6.15 0%
  • USD 469.52 0%
  • ADA 116.17 +0.63%
  • BNB 294943.25 +1.13%
  • BTC 35381189.92 +0.13%
  • DOGE 44.54 +0.97%
  • DOT 592.2 -0.05%
  • ETH 1086374.26 -0.18%
  • SOL 39984.65 +0.36%
  • TRX 155.64 -0.62%
  • USDT 470.52 -0.02%
  • XRP 669.04 +0.01%