Бюджетті жүргізу ережелері: ақшаға деген көз-қарасты өзгерту арқылы қаржылық жағдайды қалай түзеуге болады

07.08.2024
Источник: Banker.kz

Экономикалық тұрақсыздық пен тұрақты өзгерістер қалыпты жағдайға айналған қазіргі күнгі әлемде жеке қаржыны сауатты басқара білу әр адамның бойында болуы керек маңызды дағды болып табылады. Осыған қарамастан, көптеген қазақстандықтар қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын әлі де жете бағаламайды. Неліктен оны үйрену маңызды және бюджетті жүргізудің қандай ережелері қаржылық жағдайды жақсартуға көмектесетінін «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) мамандары түсіндіріп өтті.

Freedom Finance Global зерттеуінің деректері бойынша қазақстандықтардың 75%-ы өткен жылы олардың шығыстары кірістерінен асып кеткен жағдайға кем дегенде бір рет тап болған. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан азаматтардың үштен бірінен сәл астамы – 34,3% ғана өз қаржысын тұрақты негізде бақылап отырады, ал сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші қатысушы (25,1%) өз шығындарын мүлдем қадағаламайды.

Сонымен қатар, егер сіз бірнеше ай немесе жылдар бойы жалақыға дейін ақша жетіспейтіндей, үнемі қарызға бататындай жағдайға тап болсаңыз, онда бұл ойлануға және ақшаға көзқарасыңызды қайта қарастыруға себеп болмақ. Өйткені бүгінгі күні қаржылық сауаттылық, жазу немесе оқу қабілеті сияқты маңызды және өмірдегі қажеттілігі зор дағды екені дақпыртсыз.

Неліктен қаржылық сауаттылық соншалықты маңызды?

Өйткені бюджетті бақылау және жүргізу қабілеті – қаржылық сауаты мол адамның көрсеткіші. Біріншіден, қаржылық сауаты мол адам өзінің кірістері мен шығыстарын бақылай алады, бұл қажеті жоқ қарыздардан аулақ болуға және ірі сатып алуларға немесе күтпеген шығындарға қаражат жинауға көмектеседі.

Екіншіден, қаржылық жоспарлаудың негіздерін білу адамға ұзақ мерзімді жоспарлар құруға және болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Бұл тығырыққа тірелетін күнге қор жинауға да, зейнетке шығу үшін дайындыққа да қатысты.

Сауатты болу маңыздылығының тағы бір дәлелі – ол алаяқтық схемаларды тануға, күмәнді инвестициялық ұсыныстардан және әртүрлі қаржылық тұзақтардан аулақ болуға көмектеседі.

Айта кететін жәйт, жеке қаржыны басқару дағдылар болмаған кезде инвестициялауды немесе ақшаны жинауды бастау мүмкін емес. Себебі қаржылық сауатсыздық адамдарды тек тұрақты шығындарға және қарыздарды өсіруге итермелейді.

Сайып келгенде, ақшаны басқару білімі мен дағдылары бар болған адам қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізе алады және болашақта сыртқы жағдайларға немесе басқа адамдардың қолдауына тәуелді болмайды.

Қаржылық жоспар және жеке бюджет

Қаржылық сауаттылық – бюджетті жоспарлаудан, шығындарды бақылаудан, жинақ ақшаның қорлануынан және инвестициялаудан тұрады. Бұл саладағы білім қарыздың шамадан тыс жүктемесінен аулақ болуға, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Қаржылық сауаттылықтың негізгі аспектілерінің бірі - отбасылық пен жеке қаржылық жоспарды және бюджетті құра білу.

Қаржылық жоспарды құру үшін кірістерді, шығыстарды, қарыздарды (соның ішінде кредиттерді) талдап шығу қажет. Сізде қазір қанша ақша бар екенін және оның не үшін жұмсалатынын анықтау қажет. Сіз өмір сүру деңгейін айтарлықтай төмендетпей, қандай шығындардан бас тарта алатыныңызды және қайсысын азайтуға болатындығын анықтауыңыз керек. Мысалы, таксиге шығындарды азайту, кофені жиі сатып алмау немесе жұмыс кезінде тіскебасарлар мен дайын түскі асқа ақшаны жұмсамау.

Қарыз жүктемесін барынша азайту маңызды – қолда бар кредиттерді мерзімінен бұрын өтей алатыныңызды бағалап көріңіз. Айтпақшы, ірі кредиттерді өтеуді қаржылық жоспардың басты мақсаты ретінде таңдауға болады. Егер сізде миллиондаған кредит болса - оны өтеу сізге көбірек еркіндік береді және бұрын оны өтеуге жұмсалатын ақша жинақтауға немесе инвестициялауға пайдаланылуы мүмкін.

Жеке және отбасылық бюджетті құру үшін барлық кіріс көздерін: жалақы, бизнестен түсетін кірістер, зейнетақылар, әлеуметтік төлемдер және басқаларды ескеру қажет. Барлық ай сайынғы міндетті шығындарды есептеңіз, олар: тұрғын үй қызметтері, тамақтану, көлік, оқыту, сонымен қатар ойын-сауық, саяхат, сыйлықтар сияқты міндетті емес шығындарды да есептеңіз.

Егер барлық міндетті шығындарды төлегеннен кейін сізде артық сома қалатын болса, онда сіз оны қалай көбейтуге болатындығын және инвестициялаудың қандай әдістері сізге сәйкес келетінін қарастыруыңыз керек. Артық ақшаны күтпеген шығындар үшін (ауру, жөндеу және т.б.) резервтік қорға да жіберуге болады, егер міндетті шығындар кірістерге тең немесе одан асып кетсе, шығындарды қатаң оңтайландыру қажет және кірісті көбейту жолдары туралы ойлану керек.

Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе қаржылық мақсат қою сіздің бюджетіңізді тиімдірек басқаруға, оған түзетулерді енгізуге және артық шығыстарды жоюға көмектеседі. Осындай мақсат ретінде көлікті, жаңа ас үйді сатып алу, жөндеу, оқу немесе саяхат болуы мүмкін.

«Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) мамандары қаржылық дағдылардың кредитке дұрыс қызмет көрсету және тіпті оны таңдау үшін де қажет екенін атап өтеді. Мысалы, сіз ақша алуды жоспарлап отырған ұйымды мұқият зерттеп тануыңыз керек – оның тиісті лицензиясы болуы керек. Ықтимал кредит, оның пайыздық мөлшерлемесі, өтеу шарттары, артық төлем сомасы және кредит шартының басқа тармақтары туралы ақпаратты зерттеңіз. Олардың сізге сәйкес келетініне және кредит сіздің бюджетіңізге үлкен жүктеме болмайтынына көз жеткізіңіз. Кредитті уақтылы төлеу сіздің міндетіңіз екенін ұмытпаңыз.

Қорытындылай келе, қаржылық сауаттылыққа қатысты білім алуға уақыт пен күшті жұмсау - сізге және сіздің жақындарыңызға қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздікті қамтамасыз ете отырып, болашақта міндетті түрде өтелетін инвестиция да болып табылады.

  • CNY 68.18 -0.69%
  • EUR 546.57 -6.02%
  • RUB 6.19 -0.05%
  • USD 464.73 -4.76%
  • ADA 114.27 -1.42%
  • BNB 292363.09 -0.12%
  • BTC 35062893.26 -0.88%
  • DOGE 43.79 -1.27%
  • DOT 589.96 -1.05%
  • ETH 1071074.61 -1.3%
  • SOL 39460.17 -1.32%
  • TRX 154.7 +1.62%
  • USDT 464.95 -0.01%
  • XRP 660.57 -0.62%