Источник: Первый банковский!
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ мен «Бірінші Кредиттік Бюро» ЖШС «KazMediaIndustry» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып, қаржылық сауаттылық пен жауапты несиелендіру бойынша өзекті мәселелер бойынша аймақтық БАҚ (телевидение, баспа мен электрондық басылымдар, әлеуметтік медиа) журналисттерінің арасында ең үздік мақалаға конкурс жариялайды.
Конкурс тақырыптары:
Журналисттердің таңдауына үш тақырып беріледі:
1. ҚР халқының қаржылық сауаттылығын арттыру: Клиент-Банк өзара қатынасы кезіндегі жауапты несиелендірумен байланысты сұрақтарды түсіндіру.
2. Азаматтардың жеке практикасындағы ситуацияларды қарастыруды қоса алғанда, өмірлік міндеттер мен мақсаттар контекстінде несиелік тәуекелдіктер мен несиелік белсенділік.
3. Қарызгердің жауапкершілігі мен Кредиттік тарих қаржылық төлқұжат ретінде. Несиелік алаяқтық.
Жоба ҚР халқының арасындағы қаржылық сауаттылықты негізінен жауапты несиелеу мен халықтың қаржылық сауаттылығына қатысты өзекті мәселелерге арналған аналитикалық, ақпараттық-ағартушылық және білім беру материалдарының саны мен сапасын жетілдіру арқылы арттыруға бағытталған.
* Конкурс шарттары, сонымен қатар аймақтық спикерлердің байланыс мәліметтері мен барлық қажетті негізгі мәліметтер www.homecredit.kz сайтында жарияланатын болады. Қаржылық сауаттылық бойынша семинарларға қатысты қосымша ақпаратты pr@homecredit.kz электрондық мекенжайына сұрау жіберу арқылы алуға болады. Сіздің аймағыңыздағы және жалпы еліміздегі несие нарығының жағдайы туралы аналитикалық материалдарды pr@1cb.kz электрондық мекенжайына сұрау жіберу арқылы Бірінші кредиттік бюросынан білуге болады.
Конкурсқа кім қатыса алады?
Конкурсқа 2016 жылғы 21 қыркүйек пен 2016 жылғы 20 қараша аралығында көрсетілген тақырыптарға БАҚ, сонымен қатар әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдарын жариялаған ҚР аймақтық БАҚ журналисттері қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен конкурстық материалдарды konkurs@Homecredit.kz электрондық мекенжайына «Журналисттер арасындағы конкурсқа өтінім» белгісімен 2016 жылғы 21 қыркүйек күні Астана уақытымен 00 сағат 00 минуттан бастап 2016 жылғы 20 қараша күні Астана уақытымен 23 сағат 59 минутқа дейін жіберу қажет. Өтінім үлгісі қоса берілуде.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау: Конкурс жеңімпаздары Алматы қаласына шақырылады. Конкурстың финалына шыққан 10 қатысушы үшін жетекші журналисттер мен еліміздің ең танымал іскерлік басылымдарының бас редакторларының қатысумен мастер класс ұйымдастырылады.
Конкурс нәтижелері бойынша 3 жеңімпаз анықталады. Bank Home Credit жеңімпаздарға сыйлық (150 000 теңге сомасы бар банктік карточкалар) тарту етеді. Жеңімпаз журналисттер қызмет ететін редакцияларға 2017 жылға арналған қаржылық сауаттылық пен жауапты несиелендіру тақырыбы бойынша рубриканы немесе газеттің бағанасын жүргізуге арналған гранттар беріледі.
Байланыс тұлғасы:
Барлық сұрақтар бойынша 8/727/315-05-50 нөміріне қоңырау шала аласыз немесе konkurs@Homecredit.kz электрондық мекенжайына хат жолдай аласыз.
Жоба менеджері: Аринбасарова Малика, ұялы тел.: 8 775 749 46 36Всего сообщений: 242007 (Тем: 38159, Ответов: 203848) Участников: 32722 |
Активных пользователей: 3 Активных гостей: 71 Скрытых: 0 |