ҚИК ЕДБ-ның 66 мыңнан астам ипотекалық қарызын сатып алды

28.08.2019
Источник: Banker.kz
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ" АҚ (бұдан әрі-Компания) барлық қызмет мерзімі ішінде 66 мыңға жуық қарыз сатып алды. Тек 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Компания ипотекалық портфель көлемін 18%-ға ұлғайтты, бұл жиынтығында 50,9 млрд теңгені құрады.

Портфель көлемі ағымдағы жылдың мамыр және шілде айларында серіктес банктермен жасалған ірі мәмілелердің арқасында артты, бұл Компанияның тұрақты дамуы мен Қазақстан нарығындағы сенімді жағдайын білдіреді — 2018 жылдың соңында портфель 43 млрд теңгені құрады.

Банктер берген ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық кредит беру үшін ұзақ мерзімді ресурстарды оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару арқылы тарту Компания қызметінің негізі қаланған сәттен бастап негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Қаржылық мәміленің бұл түрі, атап айтқанда банктерден үлкен көлемде қарыздарды сатып алу ипотекалық кредит беру көлемін кеңейтуге ықпал етеді, өйткені босатылған қаражатты банктер жаңа қарыз алушыларға ипотекалық қарыздар беруге бағыттауы мүмкін. Бұл ретте соңғы қарыз алушы болып табылатын жеке тұлға үшін мұндай мәміле ешқандай өзгерістер қарастырмайды: ол сондай-ақ бастапқы ресімдеу өткен банкке өзінің ай сайынғы жарналарын енгізуді жалғастырады.

Осындай ұзақ мерзімді серіктестіктің нәтижесінде Компания 2001 жылдан бастап 165,2 млрд.теңге сомасына 24 облигация шығарылымын өтеген.

Бүгінгі таңда Компанияның серіктес банктері Қазақстанның ең ірі банктерін қоса алғанда, 13 ЕДБ болып табылады. Толығырақ - https://kmc.kz/ru/program/partnership-with-banks сайтында.
  • CNY 69.34 -0.27%
  • EUR 538.54 -1.75%
  • RUB 6.17 +0.06%
  • USD 471.04 -0.99%
  • ADA 79.33 -6.44%
  • BNB 266184.07 -2.32%
  • BTC 29393927.97 -1.12%
  • DOGE 33.82 -4.31%
  • DOT 391.05 -3.96%
  • ETH 821501.73 -1.52%
  • SOL 36699.06 -3.98%
  • TRX 154.66 -0.11%
  • USDT 469.89 0%
  • XRP 511.34 -3.78%