Kaspi Gold арқылы жасалған аударымдар бақылауға алынады

01.11.2019
Источник: Курсив
Кәсіпкерлер салық салынатын табысын төмендетіп көрсетеді

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев шағын кәсіпкерлік саласындағы нақты ақша айналымын тіркеу бағытында министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып өтті.

Онлайн кассалық-бақылау аппараттарына арналған жиын кулуарында вице-министр: «Қазір ақшаны Kaspi Gold-пен аудара салу кең таралып тұр. Бұл мәселені біз Ұлттық банк және Kaspi Bank-пен талқылап жатырмыз. Төлем жүйелері туралы заң тұрғысынан алсақ, оның заңға томпақ келетін тұсы жоқ. Ал Салық кодексі тұрғысынан келер болсақ, бұл операциялар тіркелмейтіндіктен, заң мен фискализацияға қайшы», – деп мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қосымша арқылы ақша аудару – шағын кәсіп иелері үшін өз табысын салық органдарынан жасырудың оңтайлы жолы.

Вице-министр қазіргі кезде Kaspi Bank мұндай аударымдарды бақылау тетіктерін әзірлеп жатқанын айтып өтті. Уақыт өте келе, олар онлайн-кассалық-бақылау құрылғы ретінде пайдаланылып, Мемлекеттік кірістер комитетінің талаптарына сай болады.
  • CNY 69.34 -0.27%
  • EUR 538.54 -1.75%
  • RUB 6.17 +0.06%
  • USD 471.04 -0.99%
  • ADA 78.27 -6.69%
  • BNB 264621.93 -2.82%
  • BTC 29048349.81 -2.36%
  • DOGE 33.72 -3.93%
  • DOT 388.94 -4.35%
  • ETH 814971.4 -2.41%
  • SOL 36184.8 -5.28%
  • TRX 153.57 -1.03%
  • USDT 468.69 -0%
  • XRP 507.66 -3.91%