Ұлттық қордағы қаржы бір айда 402 млрд теңгеге азайған

06.02.2025
Источник: Курсив
2024 жыл соңында Ұлттық қорда 33,06 трлн теңге болған. Биыл қаңтар айындағы қордағы қаржы 32,65 трлн теңге қалған. Яғни бір айда 402 млрд теңгеге азайған.

Қаржы министрлігінің есебіне сүйенсек, қаңтарда қорға 147 млрд теңге түскен. Бұл – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар.

Өткен айда Ұлттық қордан 550,5 млрд теңге алынған. Соның ішінде 400 млрд теңгесі – кепілдендірілген трансферт болса, 150 млрд теңгесі – нысаналы трансферт. Қорды басқару және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға 595 млн теңге жұмсалған.

Ұлттық банк қанша валюта сатты?
Қаңтарда Ұлттық қордан 850 млн доллар сатқанын хабарлады.Одан түскен қаржы республикалық бюджетке трансферт ретінде құйылған. Сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын қаржыландыруға жұмсалды.

Ақпан айында 550-650 млн доллар сату жоспарланған.

Былтыр бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 6,3 трлн теңге алынған болатын. 2025 жылы да 5 трлн теңгеден аса қаржы алынбақ,
  • CNY 71.51 -0.15%
  • EUR 552.23 -2.03%
  • RUB 6.51 0%
  • USD 487.02 +0.83%
  • ADA 72.93 -1.54%
  • BNB 276574.04 -1.57%
  • BTC 29939311.22 -1.87%
  • DOGE 37.48 -2.69%
  • DOT 434.15 -1.45%
  • ETH 798929.39 -1.57%
  • SOL 33508.24 -1.17%
  • TRX 159.81 -0.23%
  • USDT 485.81 -0.04%
  • XRP 526.74 -1.78%