Solva қаржылық-технологиялық компаниясы 2XCollaborative капиталды жыныстық бағыттылығына сәйкес бөлу саласындағы ғаламдық бастамашыл жобаға қосылған алғашқы қазақстандық компания

14.11.2022
Источник: Banker.kz
Компания сонымен бірге «Әйел ісі» деп аталатын Қазақстанның кәсіпкер ханымдарына қолдау көрсету бойынша ірі масштабты жобаны іске қосқандығы туралы жариялады.

2XCollaborative — негізгі миссиясы қаржылық технологиялар саласындағы институционалдық инвесторлардан бастап жаңашыл қоғамдарға дейінгі қаржылық нарықтың барлық қатысушыларын біріктіретін ғаламдық ұйым. Осылайша ұйым гендерлік аспектілерді және тұрақты инклюзивті қаржылық жүйелерді әзірлеу ерекшеліктерін ескере отырып, инвестициялауға қатысты тәсілдерді дамытуды мақсат етеді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенетін болсақ, ҚР-да тіркелген ЖК-ның жарты бөлігі әйелдерге тиесілі екен. 29 жасқа дейінгі әйелдер жетекші болып табылатын ағымдағы ЖК-ның саны бір жыл ішінде 37,2%-ға артып, 88,7 мыңды құрады. Әйелдерге арналған бизнес – еліміздің экономикасына елеулі үлес қосатын кәсіпорындардың үлкен бөлігі. Ал банкте ШОБ сегментінде қарыз алатын орташа статистикалық қарыз алушыны талдасақ, ол 35-45 жас арасындағы ерлер екен. Бұл жанама түрде әйелдерге арналған қаржыландырудың нақты тосқауыл бар екендігін дәлелдейді.

«Біз Solva компаниясында кәсіпкер әйелдердің арасында біздің цифрлық қаржылық өнімдерге деген сұраныс деңгейі ЕДБ тарапынан әйелдердің бизнесін дамытуға бөлінетін кредиттеудің жетіспеушілігі себебінен жоғары екендігін байқадық. 2020 жылдың ортасынан бастап біз 66 млрд. тг. сомасына 52 мың кәсіпкерге, оның ішінде әйелдерге микрокредиттерді бердік. Компанияның басты миссиясы – Қазақстандағы микро- және шағын бизнес үшін оңтайлы кәсіпкерлік ортаны дамыту. Сол себептен біз бизнес иелері әйелдер болатын кәсіпкерлерге өз жобаларын қаржыландыру бойынша кең ауқымды мүмкіндіктерді беруді маңызды деп санаймыз. Біз үшін 2XCollaborative халықаралық бастамасына қосылып, капиталдың халықаралық нарығындағы Қазақстанның әйелдер кәсіпкерлігінің амбассадоры болу өте қуанышты жайт» - деді «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ-ның бас директоры және «Әйел ісі» бағдарламасының көшбасшысы Анна Максимова.

Жеке бизнес үшін кредиттік қаражаттың жетіспеушілігі – қазақстандық кәсіпкер ханымдардың алдындағы жалғыз тосқауыл емес. Кәсіпкерлер арасындағы қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейі мен бизнес білімнің жетіспеушілігі де әсер етеді. Solva жүргізген сауалнама деректеріне сүйенсек, 47% сауалнамаға жауап берген респондент ханымдар бизнесті қаржылық жоспарлаудың негізгі қағидаттарын түсінбеушілік секілді қиыншылыққа, 34% респондент сенімді емес серіктестермен және жеткізушілермен заң саласында, ал 19% респондент бухгалтерияны жүргізуге қатысты сұрақтарға тап болса болған. Қаржылық және бизнес білімдердің жетіспеушілігі өңірлердегі тұрғындарда екен.

«Кәсіпкер ханым клиенттеріміздің бизнес-кейстерін зерттеу барысында «Әйел ісі» деп аталатын әйелдердің кәсіпкерлігіне қолдау көрсету бойынша жобаны іске қосу туралы шешім қабылдадық. Біздің міндетіміз – бизнестегі әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру ғана емес, кәсіпкер ханымдарға өз істерін тиімді басқару үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізуді ұсыну. Менторлардың білімі, практикалық тәжірибесі мен қолдау көрсетуі армандағы бизнесті жүргізудегі психологиялық тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді дегенге кәміл сенеміз» - деді Анна Максимова.

«Әйел ісі» – бұл менторлық және білім беру бағдарламаларына қатысуға, сонымен бірге қатысушылармен білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін мультифункционалды алаң.

Қазіргі таңда ҚР ҚНРжДА қолдауымен өткізілетін жоба шеңберінде «Әйел мен ақша» деп аталатын қазақ және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар циклі өткізілуде. Мысалы, семинар қатысушылары қойылған қаржылық мақсаттарға қол жету тәсілдерін, отбасылық пен бизнес-бюджетті жүргізудің ерекшеліктерін, жеке уақытты тиімді басқару, балаға қаржылық сауаттылықты түсіну мен ақшаны дұрыс ұстау жолдарын талқылайды. Семинарлар Шелек, Түркістан және Қарағанды секілді қалаларда өткізілген, жылдың аяғына дейін іс-шараны Астана мен Шымкент қ. жүргізу жоспарланған.

«Әйел ісі» жобасының офлайн-іс-шараларынан басқа сайтты және телеграм-арнаны қосу жоспарланған. Сіз осылайша сарапшылардың мақалаларын, пайдалы кеңестерін, сәттілік оқиғалары мен интервьюлерін оқи аласыз.

Solva компанияның тұрақты даму саласындағы барлық бастамалары туралы білу, сонымен қатар тұрақты даму туралы есепті жүктеу үшін https://invest.solva.kz/impact/ сайтына кіруге болады.
  • CNY 70.54 -0.31%
  • EUR 546.21 -1.86%
  • RUB 6.13 -0.01%
  • USD 479.26 -1.46%
  • ADA 73.89 +6.67%
  • BNB 265077.17 +1.49%
  • BTC 28836280.21 +3.08%
  • DOGE 35.08 +1.78%
  • DOT 400.27 +1.85%
  • ETH 775238.47 +2.87%
  • SOL 37231.45 +6.33%
  • TRX 152.47 +0.91%
  • USDT 478.64 +0.03%
  • XRP 508.53 +2.08%