Тұтыну несиесін қайдан алған тиімді?

28.03.2023
Источник: Ranking
Қазақстандықтар арасында ең танымал несие өнімдерінің бірі — кепілсіз және қаражатты пайдалану мақсатына шектеусіз тұтынушылық несиелер. Кез келген мақсатқа кепілсіз тұтынушылық несиені қазіргі уақытта ҚР-дағы 21 ЕДБ-нің 12-сі ұсынады.

Сегменттегі ЖТСМ ең төменгі мөлшерлемесін Bereke Bank ұсынады: 8,38%-дан бастап. Ескерту: биыл 8 наурыздан бастап Bereke Bank ресми түрде санкциядан шықты. Банк халыққа барлық танымал сегменттерде, соның ішінде белсенді түрде тұтынушылық несие береді.

ЖТСМ тартымды банктердің ішінде екінші орында Еуразиялық банк (12,9%-дан бастап) және ЦентрКредит банкі (14%-дан бастап) ұстанады. Бұл ретте сегменттегі орташа ЖТСМ алдыңғы үштіктің көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары: 23,66%-дан бастап.

112-10.png

Ең көп алынатын несие мерзімі — 60 ай — сегменттегі 12 ЕДБ-нің 8-і, оның ішінде Bereke Bank пен ЦентрКредит банкі. 72 айға дейін Еуразиялық банк, 84 айға дейін — Bank RBK және Банк ВТБ ұсынады.

Ең жоғары несие сомасы 8 млн теңгеге дейін Bereke Bank, Jusan Bank және Altyn Bank, 10 миллион теңгеге дейін Bank RBK және Home Credit Bank ұсынады.

221-31.png

Ескерту: жыл басына қарай Қазақстанда тұтыну несиелерінің жалпы көлемі 7,7 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2% артық.

Айтарлықтай өсімге қарамастан, сегменттегі өсу қарқыны төмендеді: мысалы, 2021 жылы тұтынушылық несие портфелі 40%, 2020 жылы 32,3% өскен еді.
  • CNY 70.85 -0.66%
  • EUR 548.07 -5.96%
  • RUB 6.14 -0.1%
  • USD 480.72 -5.1%
  • ADA 71.46 +3.47%
  • BNB 263528.39 -0.3%
  • BTC 28279056.86 -0.68%
  • DOGE 34.61 +0.11%
  • DOT 399.96 +2.57%
  • ETH 761748.36 +0.42%
  • SOL 36086.47 +1.98%
  • TRX 151.51 -0.91%
  • USDT 478.17 +0.01%
  • XRP 502.41 +0.6%