Зейнетақы төлемі арқылы алған үйді 5 жыл ішінде сатуға бола ма? "Отбасы банк" жауабы

22.01.2021

Источник: Tengrinews

5 жыл ішінде біржолғы зейнетақы төлемі арқылы алған үйді сатуға бола ма? Бұл сұраққа "Отбасы банк" өкілі Расул Рамазанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5 жылдың ішінде тек қана банк арқылы немесе банк өзі сатып жатса, мысалы сіздер несиені төлей алмай қалғанда, онда сол мезетте ғана сата алады. Немесе сот тарапынан сатылып жатса, мораторий шешіліп, сата алады. Егер сіздердің алған заемдарыңыздың мерзімі 5 жылдан аз болса, сол кезде мораторий шешіледі. Егер 5 жылдан жоғары болса, онда мораторий шешілмейді. Сіз заемды 3 жылдың ішінде жапсаңыз да, 5 жылдың ішінде ол үйді сата алмайсыздар", - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ Сату және аймақтық даму департаментінің бас менеджері Расул Рамазанов Instagram желісінде өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылады.

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.



Зейнетақы жинағының шекті сомасы
Возврат к списку новостей
Рекламодателю