Жылдың басынан бері Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымды лицензиясынан айырды

19.10.2022

Источник: Banker.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) микроқаржыландыру нарығын қызметі оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және тұтынушылардың мүдделеріне айтарлықтай қауіп төндіретін жосықсыз қатысушылардан тазарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп отырады.

Осыған байланысты 2022 жылдың басынан бері микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымға (бұдан әрі – МҚҚЖҰ), оның ішінде 18 микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ), 42 ломбардқа және 8 кредиттік серіктестікке қатысты Агенттік микроқаржылық қызметке арналған лицензиядан айыру түрінде санкциялар қолданды.

Лицензиядан айыруға мыналар негіз болды:

-       10 МҚҰ, 7 ломбард және 6 кредиттік серіктестік бойынша: лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;

-       1 МҚҰ бойынша: уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау;

-       1 МҚҰ бойынша: қызметін заңдардың, уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру, сондай-ақ заңнамалық түрде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;

-       6 МҚҰ, 39 ломбард және 2 кредиттік серіктестік бойынша: қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметті ерікті түрде тоқтату.

 Cонымен қатар, уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағаны үшін «Ломбард Astana Gold» ЖШС лицензиясының қолданысы 08.08.2022ж. бастап 3 айға тоқтатылды (Заңның 16-бабы                  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес).

Агенттік 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді онлайн микрокредиттер сегментінде жоғары өсімді байқап отыр. Осыған байланысты 50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80%-ы үлесіне тиетін 10 ірі МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 6 МҚҰ-да тексеру аяқталатын болады.


Возврат к списку новостей
Рекламодателю