2022 жылғы ақпандағы Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы

06.04.2022
Источник: Banker.kz
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шет елдің қатысуымен, оның ішінде 11 еншілес банк.

Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы ақпанда негізінен несие портфелінің 3,5%-ға немесе 670 млрд теңгеге өсуі есебінен 3,3%-ға ұлғайды және 2022 жылғы 1 наурызда 38,2 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің шамамен 11,18 трлн теңгені немесе активтердің 29,3%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері ақпан айында негізінен клиенттер салымдарының 4,2%-ға өсуі есебінен 3,6%-ға ұлғайды және 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 33,54 трлн теңгені құрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 79,3%-ын немесе 26,61 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 19,2%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 23,1%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

2022 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 242 млрд теңгені құрады. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 наурызда 3,8% (2021 жылғы 1 наурызда – 2,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 31%-ды құрады (2021 жылғы 1 наурызда – 20,2%).

Экономикаға кредиттер 2022 жылғы ақпанда 3,3%-ға ұлғайып, 18,5 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2022 жылғы ақпанда 2,3%-ға 11,03 трлн теңгеге дейін, заңды тұлғаларға – 4,6%-ға 8,07 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 2022 жылғы ақпанда 17,08 трлн теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 2,03 трлн теңгеге дейін 12,9%-ға өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы 1 наурызда 89,4%-ды құрады.

2022 жылғы ақпанда 1,79 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы қаңтарға қарағанда 32,9%-ға жоғары.

2022 жылғы ақпанның қорытындылары бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,0%), сауда (11,2%), құрылыс (3,4%) және көлік (2,5%) сияқты салаларға тиесілі. Басқа салаларға кредиттердің 65,3%-ы тиесілі.

2022 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2%-ды (2022 жылғы 1 ақпанға – 12,0%), жеке тұлғаларға – 18,4%-ды (2022 жылғы 1 ақпанға – 17,7%) құрады.

2022 жылғы ақпанның қорытындылары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінің 3,5%-ын немесе 710,5 млрд теңгені құрады (2022 жылдың басында - 3,3% немесе 675 млрд теңге).

ШОБ есепке алғанда, заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,7% (2022 жылғы қаңтарда – 3,5%). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,4%-ды (2022 жылғы қаңтарда – 3,5%) құрады.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 72,6%-ды құрады.
  • CNY 69.61 -0.28%
  • EUR 540.29 -1.08%
  • RUB 6.11 +0.03%
  • USD 472.03 -2.44%
  • ADA 83.74 +6.41%
  • BNB 270613.84 +2.05%
  • BTC 29622854.54 +1.99%
  • DOGE 36.56 +3.46%
  • DOT 417.65 +3.53%
  • ETH 829301.41 +2.77%
  • SOL 39077.22 +2.39%
  • TRX 153.18 +2%
  • USDT 472.92 +0.04%
  • XRP 538.15 +4.37%