ID Collect: Коллекторлық компаниялар борышқорлар үшін қауіп төндірмейді

01.04.2022

Источник: Banker.kz

«Коллекторлық компаниялар борышқорларға қысым көрсетпейді, керісінше қарызды өтеуге мейлінше тиімді шарттарды ұсынуға дайын» - деп санайды ID Collect компаниясының бас директоры Ануар Отарбаев.

Finprom порталының деректері бойынша коллекторлық компаниялар қызметтері өткен жылдың ортасына таман 12 есе қысқарып, 26,1 млн. тг. жеткен.

«Өткен жылы коллекторлық қызметке қатысты сұрақ көтерілді. Оның ішінде қаржылық ұйымдар міндеттемелерін коллекторлық агенттіктерге сату механизмі қарыз алушылардың мүдделерін ескермейтіндігі туралы сөз қозғалды. Міне, осы жылы коллекторлар ЕДБ мен МҚҰ-дан 2022 жылы проблемалық портфельдерді сатып алудан бас тарту туралы хат алған» - деді Ануар Отарбаев.

Бұған қоса заңнама коллекторлық қызметті қатаң шектейді. Оның ішінде агенттік қарыз алушымен кездесетін немесе тілдесетін уақытқа шектеу бар. Коллекторларға сонымен қатар жұмыстан тыс және түнгі уақытта, мерекелік күндері қоңырау шалуға тыйым салынған. Басқа қаржылық ұйымдарға мұндай шектеулер қойылмайды.

«Өкінішке орай, көптеген адамдар осы күні де коллекторлардың қызметіне қатысты теріс пікір білдіреді. Алайда коллекторлық агенттіктер борышқорларға банктер мен МҚҰ-ға қарағанда әсер ету жағынан шектеулі құқықтарға ие. Біз қатаң нормативтік заңнама шеңберінде жұмыс істейміз және проблемалық борышты өтеу үшін клиенттерге ыңғайлы шарттар мен мүмкіндіктерді әзірлеуге дайынбыз» - деді ID Collect компаниясының бас директоры.

Ол IDF Eurasia тобына кіретін ID Collect компаниясы коллекторлық нарықта 1,5 жылдан аса қызмет көрсетуде. Осы уақыт ішінде үдерістер автоматтандырылды, ондаған клиенттерге клиенттерді жабуға немесе ескі қарызды өтеуді бастауға көмектесті.
ID Collect компаниясы клиенттерге қарызды қайта құрылымдау үшін түрлі құралдарды, борышқордың қаржылық жағдайын ескере отырып, төлемдер бойынша бөліп төлеуді ұсынады. Өндіріп алудың белгілі бір кезеңінде компания банктер ұсынбайтын берешекті дисконттау қызметін (ақшаның «сатып алу мүмкіндігін» бағалау) ұсынады.

«Яғни коллекторлық агенттіктер клиенттерге зиян келтірмейді, керісінше көмектеседі. Кез келген шағымдар тез арада қалыптастырылады және біз клиенттердің кез келген келіспеушіліктеріне қатысты пікір білдіреміз» - деп сөзін қорытындылады Ануар Отарбаев.

ID Collect компаниясының басшысы коллекторлық агенттіктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚР ҚНржДА) қатаң бақылауында жұмыс істейтіндігін, заңнаманы жүйелік түрде бұзу компаниялар үшін айыппұл, тіпті кейбір жағдайда лицензиядан айырылуға алып келетіндігін айтып көрсетті. Осылайша ағымдағы реттеуші орта агенттіктер тарапынан борышқорларға қысымның кез келген қосымша құралдарын немесе клиенттер үшін тәуекелдіктерді жояды. ҚР ҚНржДА-да тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің ресми тізіліміне 2022 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша 173 ұйым кіреді.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю