Миллионнан астам қазақстандыққа оңалтылған несиелер мәртебесі берілді.

14.04.2021

Источник: Banker.kz

БКБ 1 162 038 қарыз алушыға тиесілі 1 262 720 келісімшартқа "оңалтылған" мәртебесі берілгенін хабарлады.

2021 жылғы 9 сәуірде ҚР Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің несиелерді оңалту туралы №53 Қаулысына түзетулер күшіне енді.

Қаулыға сәйкес несиелік келісімшартты оңалту мәртебесін несиелік бюро есептейді және БКБ несиелік есебінде көрсетіледі. БКБ "оңалтылған" мәртебесі жеке тұлғаға емес, несиелік келісімшартқа берілетінін жеке атап өтті.

Несиелерді оңалту мәртебесін беру процесі 2021 жылғы 9 сәуірде 2005 жылдан бастап жабық барлық қарыздар бойынша жүргізілді және енді күн сайын жаңартылып, қарыз алушылардың несиелік тарихында көрсетілетін болады. БКБ-да "оңалтылған" мәртебесі  Қаулыға сәйкес қарыз алушының несиелік келісімшартында барлық шарттар бір уақытта сақталған кезде ғана беріледі деп нақтыланды:
•    Несие 90+ күн кешіктіріліп жабылды;
•    Несие толығымен өтелді;
•     Оңалтылатын несиені өтеу күнінен бастап басқа қарыздар бойынша 12 ай ішінде 30 күннен артық кешіктіруге жол берілмеді немесе осы кезеңде басқа несиелер мүлдем болған жоқ.

ЕДБ және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешегі бар несиелер оңалтуға жатады.

Егер несие өтелген (жабылған) болмаса немесе оны өтегеннен кейін 12 ай өтпесе немесе осы 12 ай ішінде басқа қарыздар бойынша 30 күннен көп кешіктіруге жол берілсе, бұл мәртебе берілмейді.

Сондай-ақ, Бірінші несие бюросында бүкіл деректер қорынан 9 миллионнан астам қарыз алушы бойынша талдау жүргізілгенін толықтырып кетті. Оның ішінде 32 857 896 келісімшарт 7 052 248 қазақстандық оңалтуды қажет етпейді (яғни келісімшарттар кешіктірілмей немесе 90 күннен аз кешіктірумен жабылды); 710 247 келісімшарт 509 913 қарыз алушы оңалтуға жатпайды (яғни келісімшарттар 90 күннен көп кешіктірумен жабылды, бірақ 12 ай ішінде қарыз алушылар басқа қарыздар бойынша кешіктіруге жол берді, бұл оңалту мүмкіндігін жоққа шығарады).

Оңалту мәртебесі несиені өтегеннен кейін күнтізбелік 12 ай өткен соң бір рет беріледі және одан әрі өзгермейді. Сондай-ақ, БКБ оңалту мәртебесі несиені есептен шығару, кешіктіруді жою құқығын бермейтінін атап өтті. Оңалтылған несиелері бар қарыз алушылар үшін жаңа қарыз беру туралы шешімді қаржы ұйымдары өздері жеке қабылдайды.

Бүгінгі таңда несие берушілер қарыз, несие карталары мен бөліп төлеу карталарын беру кезінде Бірінші несие бюросының несиелік есептерін пайдаланады, онда оңалтылған келісімшарттардың мәртебесі көрсетілген.

Қазақстандықтар осы мәртебенің бар-жоғын өзінің жеке несиелік есебінен тексере алады, www.egov.kz электрондық үкімет порталынан, 1cb.kz БКБ мобилді қосымшасында, ЦентрКредит Банкінің Интернет-банкінде  және www.1cb.kz веб-сайтынан,  сондай-ақ ХҚКО мен Қазпошта оффлайн бөлімшелерінен алуға болады. Оңалту мәртебесі бойынша кеңестерді БКБ чат-ботында +7 708 971 3934 нөмері бойынша WhatsApp мессенджері арқылы алуға болады .


Возврат к списку новостей
Рекламодателю