Нұр-Сұлтан қ. отбасы Solva ұйымдастырған «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының қыркүйек айындағы жеңімпазы анықталды

13.10.2021

Источник: Banker.kz

Solva МҚҰ кәсіпкерлерге арналған ай сайынғы «Бизнесті дамытуға кредит» конкурсының нәтижелері жарияланды. Күздің алғашқы айының жеңімпазы болып Нұр-Сұлтан қ. бизнеспен айналысатын отбасылық бизнес иелері танылды. Сыйлық ретінде жеңімпаздар жарты миллион теңге алады.

«Бизнесті дамытуға кредит» конкурсы Қазақстан бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге қолдау көрсетуге бағытталған. Конкурсқа Solva арқылы бизнеске арналған кредитті ресімдеген кез келген кәсіпкер қатыса алады. Бас сыйлықты (кредитті өтеуге арналған 500 000 теңге) алу үшін әлеуетті жеңімпазға өзінің бизнесті бастаған немесе оны дамытқан кезіндегі оқиғасын айтып беру қажет. Айдың нәтижелері бойынша бизнес туралы ең үздік оқиғаны таңдау үшін дауыс беру ұйымдастырылды.

Конкурс басталған сәттен бастап конкурстың финалына үлкен қалалар мен шағын елді мекендердің кәсіпкерлері де шықты. Тәуелсіз дауыс беру арқылы еліміздің астанасында қызмет ететін отбасының оқиғасы ең көп дауыс жинап, жеңімпаз атанды.

A-3.jpg

«Ауылда жұмыстың болмауына байланысты 13 жыл бұрын біз жарым екеуіміз барлығын тастап, ауылдан Астана қ. (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) көштік», - конкурс финалисті Сәуле К.

Көшкеннен кейін біз ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмады. Ол кезде Сәуле 37-де, ал оның жары 42 жаста болған. Ақыры Сәуле сатушы, ал отбасы иесі күзетші болып жұмысқа орналасты. Жалақы кішкентай, екі студент пен мектепте оқитын қыздары бар отбасы үшін қаражат жеткіліксіз болды. Осы ситуацияны ескере отырып, отбасы жеке істі ашатын уақыт келді деп шешеді.

Бизнес кеңсе тауарларын сатудан басталды. Ары қарай кәсіпкерлер түрлі балаларға арналған тауарлар сегментінде, кейінірек ойыншықтарды сатумен айналыса бастады.

«Біз ол кезде кредит алып, қарызға кіруден қорқатынбыз. Қалалық өмірдің жүйесін түсінбейтін едік. Тиісінше бизнеске салынатын қаражат жоқ, табыс көлемі артпай тұрды. Тіпті тапқан ақшамыз тек қана минималды шығындарды ғана қамтыды» - деді қатысушы.
Табысқа жетелейтін жолда бизнесмендер алаяқтарға да жолықты. Осылайша тауардың қалдығын сатып береміз деген бұрынғы жеткізушілер жоқ болып кеткен еді, олар 90 000 мың теңгеден айырылды. 13 жыл бұрын бұл сома айтарлықтай көп еді.

«Біз бизнесті жалғастыра бердік. Көптеген қиыншылықтар болды. Арзан пәтер жалдауға тырыстық. Қызымыз Петропавл қ. туыстарымызда тұрды. Оны өзімізге бірнеше жыл бұрын ғана алдық» - деді Сәуле.

Қиыншылықтарға қарамастан кәсіпкерлер жұмысты жалғастыра берді. Табандылықтың нәтижесінде балалар оқуын бітіріп, отбасын құрып, өздерімен өздері болды.

Бизнесті дамытуға ақша алу туралы шешім көптеген жылдардан кейін қабылданды. Отбасы көптеген күткен пәтерді алу үшін алғашқы жарна жинады. Алайда тауарды сатып алуға деп бөлінген қаражатты да жұмсауға тура келді.

«Барлық нұсқаларды қарастырдық. Түрлі банктерді салыстырдық, пайыздық мөлшерлемелерді, өтеу шарттарын, мерзімді талдадық. Осылайша Solva компаниясын тауып алдық. Шарттары жақсы, қаражат қажет болғанда, www.Solva.kz арқылы жүгінеміз және барлық таныстарымызға ұсынамыз», - деді Сәуле.

«Біздің жеңімпаздарымыздың оқиғалары бізді таң қалдырып қана қоймай, тәнті етеді. Қиыншылықтарға қарамастан, өзінің күші мен мүмкіндігіне сенімін жоғалтпаған. Адамның алдында мақсат болған кезде алынбайтын қамал жоқ екендігінің керемет мысалы десе де болады. Жеңімпаздарды құттықтап, сәттілік тілейміз. Бизнес дамып, отбасыларыңызда бақ-береке болсын. Ал біз, өз кезегімізде, құрметті клиенттерімізге қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз», - деді Solva МҚҰ бас директоры Анна Максимова.

Solva өз клиенттеріне көмектесіп қана қоймай, олардың жайлылығы туралы да ойлайды. Осыған байланысты еліміздің бас қаласында компанияның жаңа кеңсесі ашылды. Офлайн режимде қызмет көрсетуді ұнататын клиенттеріміз микрокредит бойынша кез келген сұрақтарды Бөгенбай батыр даңғ., 56 мекенжайы бойынша орналасқан кеңседе шеше алады. Кеңседе клиенттер микрокредит ресімдеу, толық ақпаратты білу және көптеген т.с.с. қызметтерді ала алады.

«Solva компаниясының көптеген клиенттері микрокредитті ресімдеу және т.с.с. қызметтерді онлайн режимде алуды жөн көреді. Компанияға келіп, кеңес алуды ұнататын пайдаланушыларда бар. Ал бізге клиенттеріміздің жайлылығы өте маңызды. Сол себептен астанамыздағы жаңа, ыңғайлы кеңсені назарларыңызға ұсынамыз. Сапалы қызмет пен барлық сұрақтарға жауап алу мүмкіндігін қосымша ұсынамыз» - деді ШОБ сату басқармасының басшысы Арман Сәрсенғалиев.

«Бизнесті дамытуға кредит» конкурсына Solva МҚҰ-ның барлық ағымдағы, сонымен бірге жаңа клиенттері қатыса алады. Бұл ретте қатысушылар Қазақстан Республикасының 18 жасқан толған азаматтары болуы тиіс. Қатысуға қажетті негізгі шарт – компания ұсынатын ШОБ-ға арналған өнімдер бойынша кредиттің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін еркін нысанда бизнесіңіздің тарихы туралы жазып, оны https://solva.kz/msb/action/500k. сілтемесі бойынша жіберу қажет.
Возврат к списку новостей

Рекламодателю