S&P Global Ratings ұйымы қазақстандық Solva қаржылық-технологиялық компаниясына «В» деңгейіндегі «тұрақты» жорамалымен халықаралық кредиттік рейтингін берді

02.09.2021

Источник: Banker.kz

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (Solva компаниясы) IDF Eurasia халықаралық тобына кіреді және Қазақстандағы шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері мен тұтынушыларға кепілсіз микрокредиттеу нарығында жетекші позицияға ие.

«Solva МҚҰ арасындағы қаржылық-технологиялық түрлендірулердің бірінші ұйымына айналды. Операциялық тиімділіктің жоғары деңгейі, клиенттерді тарту арналарының әртараптандыру және толығымен цифрлық андеррайтинг компанияға Қазақстандағы дәстүрлі банктердің көпшілігіне қарағанда тұрақты кредиттік рейтингті алуға мүмкіндік берді. Компанияның қаржылық көрсеткіштерінен басқа кредиттік рейтингті бағалау кезіндегі маңызды элемент - реттеуші ортаның кемелденуі. 2021 жылғы реттеуші орган енгізген МҚҰ-ны міндетті түрде лицензиялау және қарыз алушылардың биометрикалық сәйкестендіру сала тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, IDF Eurasia компаниясында біз ұстанатын жауапты кредиттеу қағидаттарын тартауға және тұтынушылар құқықтарын қорғауды жақсартуға алып келді» - деді IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушы Борис Батин.

S&P Global Ratings өз талдауында Solva рейтингі IDF Eurasia тобының кредитке қабілеттілігі туралы рейтингтік агенттігінің пікірін білдіреді. Solva жиынтық кредиттік портфельдің 40%-н біріктіретін және топ табысының шамамен 30-35%-н қалыптастыратын топтың ажырамас бөлігі болып қала береді деп күтілуде. Берілген рейтинг Қазақстандағы ШОБ мен жеке тұлғаларды келесі екі жыл ішінде  берілетін кредиттеу көлемінің артуына, 3-4 мөлшерде EBITDA қатысты қарызы бар топтың коллекторлық бизнесі мен берілген қарыздар көлемін және EBITDA табыстылығы 30%-дан аса арттырумен байланысты екендігі анық. Тұрақты жорамал сенімділікке негізделген, яғни топ қымбат емес қорландыру есебінен бәсекелестік позицияларды арттыратын капитал мен өтімділік қорларының ағымдағы рейтингі үшін жеткілікті деңгейде сақтайды.

«Осыдан бір жыл бұрын біз алғаш рет KASE арқылы теңгедегі облигацияларды сәтті орналастырдық. Осылайша мұндай шығарылым біз үшін ғана емес, барлық микроқаржылық саласы үшін дебют болды. Өткен жылы кредиттік портфель 40%-ға артып, біз ШОБ кредиттеу нарығына сәтті кірдік және біздің клиенттеріміздің қатары Қазақстан бойынша 10 мыңнан асатын кәсіпкерлерге артты. Бұған қоса біз тұрақты негізде командамызды жас мамандармен және терең банктік сараптамасы бар жетекші мамандармен толықтырамыз. Кредиттеудің икемді шарттары, микрокредиттерді онлайн және оффлайн режимде клиенттер үшін жылдам және ыңғайлы ресімдеу Solva өнімдеріне деген сұраудың тұрақты негізде артуына алып келеді. Мұндай жағдайларда S&P кредиттік рейтингі Solva компаниясының бизнес-моделінің тұрақтылығын растайды және бізге әртараптандыру мен қорландыруды арзандату жағына қарай, оның ішінде институциялық инвесторларды тарту арқылы жылжуға мүмкіндік береді» - деді Қазақстандағы IDF Eurasia  жетекшісі Константин Барабанов.

IDF Eurasia құрамындағы Solva компаниясы тіпті пандемия кезінде топтың жоғары технологиялық цифрлық өнімдерінің және қызметтерді толық онлайн-режимде алу мүмкіндігінен қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтай алды.

2021 жылдың бірінші жарты жылының нәтижелеріне сәйкес IDF Eurasia табысының 90%-ға артуы (134%-ға арту) Ресей мен Қазақстандағы кредиттеу көлемінің ары қарай артуын және жоғары емес деңгейі бар коллекторлық бизнесінің бір мезгілде артуын қамтамасыз етеді.

Жаңа қарыздарды қаржыландыру қарыздық нарық пен банктік кредиттерге назар аудару арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы 12 ай ішінде Топ деңгейіндегі қарыздық қаражатты пайдалану деңгейі EBITDA-ның 3,5-3,7 деңгейдегі қатынасы бойынша тұрақты болып қалады деп күтілуде.

ОнлайнКазФинанс – 2017 жылы Solva бренді бойынша Қазақстандағы IDF Eurasia тобымен негізделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржылық-технологиялық компания, ШОБ мен жеке тұлғаларға қысқа және ұзақ мерзімді қарыздарды ұсынады. Solva тобы EBITDA қорытынды көрсеткішінің үштен бірімен қамтамасыз етеді. Жақында Қазақстанда іске қосылған бизнес табысты және жылдам өсетін актив болып саналады.


Возврат к списку новостей
Рекламодателю