Solva (IDF Eurasia) компаниясы Нұр-Сұлтан қ. «Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясының қайырымдылық көрсетілімін өткізеді

Solva (IDF Eurasia) компаниясы Нұр-Сұлтан қ. «Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясының қайырымдылық көрсетілімін өткізеді 24.12.2021

Источник: Banker.kz

Нұр-Сұлтан қ. 23 желтоқсанда мүгедектілігі бар адамдарға арналған «Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясының қайырымдылық көрсетілімі өтеді

«Жаңа жылдық кезең – бұл ерекше кезең және осы сәтте адамдар сыйқырлық пен таңғажайыпқа сенеді. Біздің қамқорымызды қалайтын адамдарға қуаныш сыйлау туралы шешім қабылдадық. Жаңа жылдық және мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру үшін Solva компаниясы отбасылық комедияны тегін көрсетуді ұйымдастыратын болдық. Біздің іс-шарамыз барлығына оң эмоциясы сыйлап, мереке жарқын энергетикаға толы болады деп сенеміз» - деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.

«Менің үлкен қазақ отбасым» комедиясы қарапайым қазақстандық отбасының өмірі туралы ғана емес, балалар мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттестікті баяндайды. Көрсетілім «Керуен» астаналық сауда орталығында орналасқан «Кинопарк» кинотеатрында өтеді. Көрермендер үшін сағ. 13:00-де және сағ. 16:00-де екі сеанс ұйымдастырылатын болады

Бұған қоса барлығына Жаңа жылға арналған дәстүрлі сыйлық ретінде тәтті сюрпиз әзірленеді.

Solva компаниясы белсенді түрде әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге тырысуда. Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларының шеңберінде осы жылы IteachMe қоғамдық қорымен бірлесе отырып, мүгедектілігі бар адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша курстарды ұйымдастырып келеді. Семинарлар ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен және танымал қаржыгерлер мен менторлардың қатысуымен өтті. Бұған қоса аутизм секілді ауруға шалдыққан «Милосердие» қорын көгалдандыру жобасына қатысып келеді. Бұл жобаның мақсаты – ағаштарды отырғызу ғана емес, «ерекше» балаларды қоғамға үйрету және бейімдеу.

«Әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету – біздің бизнесіміздің ажырамас бөлігі. Біз заманауи компания коммерциялық табысқа ғана емес, қоғамға пайдалы қызмет атқаруды қалаймыз. Solva мүшесі болып табылатын IDF Eurasia компаниялар тобы тұрақты негізде Қазақстанда ғана емес, Ресейде де түрлі әлеуметтік пайдалы кампанияларға қатысады. Біз осы тенденцияны келесі жылы да жалғастырамыз» - деді Анна Максимова.

Оның ішінде компания халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қаржылық сауаттылық бойынша бірнеше жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Мұндай шаралар шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған. Алдағы жобалар туралы толығырақ ақпарат 2022 жылы жарияланады.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю