Solva компаниясы ТЖ кезінде кәсіпкерлер мен азаматтарға қолдау көрсетеді

11.01.2022

Источник: Banker.kz

Соңғы күндердегі оқиғалар қазақстандықтар үшін аса ауыр сынақ пен трагедияға айналды. Solva компаниясы (IDF Eurasia тобы) халық пен бизнеске қолдау көрсету үшін ТЖ кезіндегі орын алған төлем мерзімі кешіктірілген кезде есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды жояды және бизнес үшін арнайы мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады. Қолдау көрсету шаралары туралы Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова айтып берді.

Анна Максимова, генеральный директор Solva.docx.jpg

- Қазақстанда 5 қаңтарда төтенше жағдай (ТЖ) режимі енгізілді. Бұған қоса көптеген қазақстандықтар бірнеше күн байланыссыз, интернетсіз, онлайн-төлем мен қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігінсіз қалды. «ТЖ кезінде азаматтар төлей алмаған қарыздар бойынша өсімпұл есептелінеді ме?» деген сұрақ көптеген адамдарды мазалайтыны анық.

Орын алған ситуацияда Solva компаниясы көмекке мұқтаж біздің клиенттеріміз бен кәсіпкерлерімізге қолдау көрсету үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Көптеген қазақстандықтардың ағымдағы жағдайын ескере отырып, біз ойланбастап ТЖ кезіндегі кредиттер бойынша барлық өсімпұлдарды, айыппұлдарды және тұрақсыздық төлемін есептеуді жойдық.

Қазіргі сәтте республика аймағында интернет пен байланыстың берілуінде шектеулер болғандықтан, Solva сервистерінің жұмысында ақаулықтар байқалуы ықтимал. Бұған қарамастан біз өзіміздің жүйелеріміздің тез арада қалпына келтіру үшін жұмысты жалғастырып келеміз. Елімізде ситуация реттеліп, қазақстандықтар біздің барлық сервистерімізді пайдалануға қайтадан жақын арада кірісетіндігіне сенеміз.

- Бұдан басқа кәсіпкерлер мен өзіне-өзі жұмыс істейтін азаматтарға қолдау көрсетудің қосымша іс-шаралары қарастырылады ма?

Біз қолымыздан келген әрекеттердің барлығын жасауға тырысамыз. Өкінішке орай, бизнес пандемиядан кейін енді ғана қалпына келе бастаған еді. Енді міне қосымша шығындар орын алды. Кәсіпкерлерге көмектесу үшін біз осы оқиғалар барысында қызметін толық жүзеге асыра алмаған немесе шығынға ұшыраған клиенттерімізге бір айға дейінгі мерзімге төлемдерді кейінге шегеруді ұсыну туралы шешім қабылдадық.

Мұндай адамдарға бизнесті басынан бастауға және осы ситуациядан шығуға көмек талап етілетіндігін түсінеміз. Сол себептен Solva командасы мұндай трагедиялық күндері шығынға ұшыраған кәсіпорындарды қалпына келтіру бойынша кредиттеудің ерекше бағдарламасын әзірледік. Кәсіпкерлер қаражатты қазір алып, бірден 100 күнге дейін төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен бірге компания бизнесіне зардап келтірілген азаматтарға арнап құрылған «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ – СИЛА В ЕДИНСТВЕ» қорына қаржылық қолдауды көрсететін болады. Қаражат комиссияның шешімінен кейін Алматы қ. және тағы да басқа өңірлерде қызмет көрсететін объектілері тоналғанжәне бұзылған кәсіпорындар иелеріне берілетін болады.

- Аталған қызметтерді пайдалану үшін қайда жүгінуге болады?

Жұмыс күндері + 7 701 006 35 35 нөмірі бойынша компанияның қолдау көрсету қызметіне хабарласып, қажетті деректерді ұсынуға дайын болуды өтінеміз. Интернет қол жетімді болған жағдайда, сіз support@solva.kz электрондық поштасына хат жазуға болады.

Әрине, қазіргі жағдай өте күрделі, алайда Solva компаниясының командасы ситуацияның оң шешілетіндігіне сенеді. Біз тап болған қиыншылықтарды бірге жеңіп, клиенттеріміз бірге мықты, әл-ауқатты, жарқын болашағы бар мемлекетке айналамыз дегенге сенеміз.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю