Solva «Made in Kazakhstan» бизнес-форумында «Ең үздік брэнд» марапатына ие болды

24.11.2021

Источник: Banker.kz

Solva компаниясы Бизнесті дамыту жөніндегі еуропалық ассоциацияның жоғары кеңесінің қолдауымен Түркістан қ. «Made in Kazakhstan» қазақстандық заманауи жетістіктердің ұлттық форумы барысында өткен «Заманауи Қазақстанның ЖЕТЕКШІ 100 адамы мен бренді» премиясының лауреаты болды.

Премия церемониясына білім, ғылым және саясат салаларының жетекші компаниялары, ШОБ мен ірі бизнес өкілдері, сонымен бірге басқа да көптеген беделді адамдар қатысты.

«Біз үшін Қазақстанның ең үздік компаниялар қатарына кіру өте маңызды. «Ең үздік бренд» марапаты – Solva командасының мұқият жұмысы мен клиентке деген адал қарым-қатынасының белгісі және осы марапат біздің бағытымыздың дұрыс екендігін дәлелдейді. Біздің шағын және орта бизнес секторын дамытуға үлесіміз республикадағы кәсіпкерлік позициясын арттыруға ғана емес, бұған қоса экономиканың дамуына және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді» - деді Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) бас директоры Анна Максимова.

Рейтинг_page-0001.jpg

«Made in Kazakhstan» бизнес-форумы біздің республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып, бизнес пен экономиканың беделді өкілдерін бірге жинады. Іс-шараға еліміздің іскерлік, қоғамдық және мәдени өміріне елеулі үлес қосқан қадірменді қазақстандықтар мен брендтер қатысты.
Возврат к списку новостей
Рекламодателю