Табысы екі есе инвестициялар: «Арнұр Кредит» МКҰ» ЖШС-ның облигациялары еліміздің табысы мен дамуын қалай біріктіреді

Источник: Banker.kz

Тұрақты және байыпты инвестицияларға деген сұраныстың өсуіне байланысты микроқаржылық ұйымдардың ісі алға басуда. Бұл әсіресе табыс табуға ғана емес, нақты әлеуметтік үлеске де байланысты. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының корреспондентінің «Арнұр Кредит» МКҰ» ЖШС Қазақстандағы ESG-облигацияларын шығарған және инвесторларға жылына 20–22% табыс табуға мүмкіндік берген алғашқы компанияның бірі екенін айтқаны осыған жарқын мысал бола алады.

2022 жылғы ақпаннан бастап компания Қазақстан қор биржасы (KASE) эмитентінің ресми тізіміне енгізілген. Бұл компанияның қаржылық тұрақтылығын мойындау ғана емес, жеке инвесторларға кірістілігі жоғары сенімді құралға тікелей қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатындығының дәлелі. Бүгінгі таңда 5 млрд. теңге сомасына шығарылған облигациялық бағдарлама шеңберінде 1,5 млрд. теңгеге (2024) гендерлік ESG-облигациялар, жалпы мақсатта 1,8 млрд. теңгеге облигациялар орналастырылған.

«Біз әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мақсатында облигацияларды шығарған Қазақстандағы алғашқы микроқаржылық ұйымдардың біріміз», - деді компания Басқармасының төрағасы Раушан Курбаналиева ханым.

Негізгі шарттар: кірістілігі - жылына 20–22%, тоқсан сайынғы төлемдер, купондық табысқа салықтан босату, KASE платформасы арқылы мерзімінен бұрын сату мүмкіндігі, минималды сатып алу шегі – не бәрі 1 000 теңге. Инвестициялау үдерісі айтарлықтай түсінікті. Брокерлік шотты ашып, оны толтырыңыз да, BCC Invest немесе Teniz Capital арқылы облигацияларды сатып алуға өтінімді ресімдеңіз. Құрал сатып алу қарапайымдылығының және эмиссия нәтижелері туралы ақпараттың ашықтығының нәтижесінде тіпті инвестициялау саласына енді келген, сондай-ақ кең ауқымды аудитория үшін қолжетімді. Компания сайтының деректеріне сүйенсек, «Арнұр Кредит» облигациялары төлем құрылымының ашықтығымен және сатып алушылар арасындағы үлкен сенім деңгейімен ерекшеленеді.

«Арнұр Кредит» облигациялары табыс құралы ғана емес, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға өз септігін тигізетін құрал. Компания тартылған қаражатты кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетуге, ауылдық жерлердегі микробизнесті дамытуға, сонымен қатар жасыл қаржыландыруға (мысалы, тамшылап суаруды немесе ауыл шаруашылығына органикалық тәсілдерді енгізуге) жұмсайды.

«Біз инвесторларға нақты әлеуметтік өзгерістердің себепкері болу, мысалы, әйелдердің экономикалық белсенділігіне қолдау көрсету, отбасылық бизнесті және өңірлердің тұрақты дамуына көмек көрсету мүмкіндігін береміз», - деді өз сөзінде Курбаналиева ханым.

Компанияның arnurcredit.kz сайтында құнды қағаздардың жоғары өтімділігі мен инвесторлар үшін ыңғайлылығы көрсетілген. Облигацияларды өтеу мерзіміне дейін сатуға болады, ал жинақталған купондық табыс (ЖКТ) облигацияларға ие болу мерзіміне қарамастан төленеді. Бұған қоса инвесторлар табыс қана алмайды, өзінің әлеуметтік салаға қосқан үлесін сезіне алады. Облигацияны сатып алған сайын жаңа жұмыс орындары пайда болады және ауылдық жерлерде қаржылық ресурстарға қол жеткізу деңгейі артады.

Компания желісіне Оңтүстік Қазақстандағы, оның ішінде Жаркенттен бастап Аралға дейінгі алшақтағы аудандардағы 50 субкеңсе кіреді. Ауылдық жерлерде бөлімшелерін жиі аша бермейтін банктерге қарағанда, «Арнұр Кредит» қаржыландыруға қол жеткізу деңгейі төмен аймақтарда жұмыс істейді.

«Біз инфрақұрылым жоқ жерлерде және қолдау көрсету талап етілетін аймақтарда қызмет көрсетеміз», - деді Курбаналиева ханым.

Компания 2023 жылдан бастап 2025 жылға дейін заңнамалық деңгейде талап етілмегендігіне қарамастан, ерікті түрде ESG-есептілігін жариялап келеді. Бұл компанияның ашық бизнесті жүргізу талпынысы мен инвесторларына деген құрметін көрсетеді.

«Біз есептерді міндетті түрде жариялау қажеттілігіне дейін ESG-есептілігін шығара бастадық, себебі бізге қаншалықты ашық және тұрақты дамуға дайын екендігімізді көрсету маңызды», - деді Басқарма төрағасы.

Компанияның қаржылық тұрақтылығын (B, тұрақты) Fitch компаниясы растады, ал MFR компаниясы ұсынған клиенттерді қорғау жөніндегі алтын сертификат клиенттердің құқықтарын қорғау мен шарттардың ашықтығына кепілдік береді. «Арнұр Кредит» серіктестерінің арасында Халықаралық қаржылық корпорация (IFC), Еуропа қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі секілді халықаралық институттар бар. Жоғарыда көрсетілген ұйымдар компанияға оның бірізді әлеуметттік миссиясы мен жоғары іскерлік беделін білгендіктен сенім білдіреді.

«Арнұр Кредит» ұсынатын облигацияларға салынған инвестициялар – бұл жылыжайлар, отбасылық кофеханалар, балабақшалар мен шеберханалар. Берілген қаржыландырудың көмегімен қазақстандық ауылдар дамуға мүмкіндік алды. Жарқын мысалдардың біріне бұрын қаржылық құралдарға қол жеткізу мүмкіндігі болмаған көпбалалы ана ауылда ашылған балабақша жатады. Қарыз алған тағы бір компания клиенті пандемия кезінде жеке дәндерді қуырумен айналысатын кофехананы ашқан.

Болашаққа деген компанияның жоспарына облигациялардың жаңа шығарылымы, экологиялық бастамаларға қолдау көрсету, жасыл кредиттеуді кеңейту, әйелдер мен жастар арасындағы қаржылық сауаттылықтың жаңа бағдарламаларын іске қосу, инвесторлармен ыңғайлы түрде жұмыс істеуге арналған цифрлық платформаларды енгізу жатады. Сонымен бірге компания қызмет көрсету географиясын кеңейтуді, қызмет көрсетілетін өңірлердің санын арттыруды және клиенттерге қаржылық емес қолдау көрсетудің жаңа нысандарының интеграциясын жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл облигациялардың түрлерін кеңейтуді ғана емес, компанияның нарықтағы әлеуметтік ойыншы ретіндегі рөлін арттыруды білдіреді.

Инвестициялық өнімдерден басқа «Арнұр Кредит» жеке және заңды тұлғаларға арналған микроқаржылық қызметтердің кең ауқымды спектрін, оның ішінде бизнесті дамытуға кредитті, ауыл шаруашылыққа арналған кредитті ұсынады, клиенттерге қолдау көрсетеді, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын, оның ішінде тегін тренингтерді жүргізеді, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, әйелдерге арналған бастамашыл жобаларға қолдау көрсетеді. Мұның барлығы «Арнұр Кредитті» кредиторлар үшін ғана емес, өз клиенттерінің бизнестегі және жеке өмірдегі толық серіктесі етеді.

«Арнұр Кредит» МКҰ» ЖШС облигацияларына салынған инвестициялар табыс алудың бірегей тәсілі ғана емес, сонымен бірге тұрақты әлеуметтік дамудың бөлігіне айналады. Бұл Қазақстанға, оның ішінде әйелдерге, жастарға, кәсіпкерлерге, өңірлер мен болашаққа инвестициялаудың керемет тәсілі.

  • CNY 68.82 0%
  • EUR 553.75 0%
  • RUB 6.15 0%
  • USD 469.52 0%
  • ADA 115.14 -1%
  • BNB 291483.18 -1.43%
  • BTC 35030044.91 -1.2%
  • DOGE 44.23 -0.86%
  • DOT 594.62 -0.53%
  • ETH 1074916.88 -2.24%
  • SOL 39884.33 -1.09%
  • TRX 156.46 +1.2%
  • USDT 469.12 -0.01%
  • XRP 664.25 -0.72%